ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЗИЯНКЕСТЕРДІ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестерден қорғауға бағытталған шара күшейтілген. Осы ретте, аудандағы 25 000 гектар жер зерттеліп, оның 5 300 гектарында химиялық өңдеу қажеттілігі анықталған. Нәтижесінде 4200 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүрді.