Түркістан облыстық арнайы экономикалық аймақты сапалы инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жалғасуда

Түркістан облысындағы «Turan» арнайы экономикалық аймағының аумағы 4 414,39 гектарды құрайды. Арнайы экономикалық аймақ 9 қосалқы аймақтан тұрады. Бүгінгі таңда «Turan» АЭА аумағында жалпы құны 1 061,16 млрд теңгеге 12 713 жұмыс орнын құрайтын 189 жоба тіркелген. Оның ішінде, жалпы құны 255,9 млрд. теңге болатын 40 жоба іске асырылып, 1 353 тұрақты жұмыс орны құрылды.

Шымкентте бюджеттің өз кірістерін арттыру мәселелері талқыланды

Мемлекет Басшысының өңірлердің өз кірісін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес бүгін Шымкент қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінде қала әкімі Ғабит Сыздықбековтың, мемлекеттік органдар мен тиісті құрылымдық бөлімшелердің қатысуымен арнайы кеңес өтті. Жиында жергілікті бюджеттің табыс базасын кеңейту және қосымша кіріс көздерін анықтау мәселелері талқыланды.

"Taza Qazaqstan" экологиялық эстафетасы Шымкентте жалғасын тапты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоршаған ортаны қорғау бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Осы мақсатта «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Taza Qazaqstan» жалпыұлттық акциясы аясында республикалық Road-эстафетасын ұйымдастырды.

Шымкентте техникалық және кәсіпік білім саласының мерекесі өтті

Бүгін Шымкент қаласындағы Жол-көлік колледжінде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Аталған кәсіби күн елімізде алғаш рет тойланып отыр.

Шымкентте үздік ұстаздар ұлықталды

Бүгін Шымкент қаласындағы «Қызғалдақ» сарайында «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты салтанатты жиын өтті. Ел болашағын тәрбиелеу жолында аянбай қызмет етіп жүрген педагогтарға құрмет көрсетуге арналған бұл мерекелік іс-шара ұстаздар қауымының мәртебесін айшықтап, олардың еңбегіне деген шынайы ризашылықтың көрінісіне айналды.

Шымкенттің опера жұлдызы халықаралық байқауда топ жарды

Шымкент қаласының опера және балет театры үшін бүгін – тарихи күн. Театрдың дарынды солисі Жадыра Абдуллаева Жапонияның Нагасаки қаласында өткен VI халықаралық «Madama Butterfly» опера әншілері байқауында І орынды иеленіп, ел мерейін үстем етті.

Созақ ауданында Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды

Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайында Ұстаздар күніне орай «Мұғалім болу – мәртебе» атты салтанатты жиын өтті. Әсем әуен мен бүлдіршіндердің жүрекжарды өнерімен басталған шараға ардагер ұстаздар, білім саласының қызметкерлері және аудан тұрғындары қатысты.

Түркістан қаласында шағын және орта бизнесті дамыту, инвестиция тарту жұмыстары қарқынды түрде жалғаспақ

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында берілген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Түркістан қаласында кәсіпкерлік саласын қолдау мен дамыту жұмыстары қарқынды жалғаспақ. Таяуда Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен осы бағытта арнайы жиын өтті.

Шымкентте жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты басталды

Шымкент қаласында 2012–2013 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында жеңіл атлетикалық төрт сайыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Екі күнге жалғасатын додаға еліміздің 14 өңірінен 17 команда, жалпы саны 188 спортшы қатысуда.

Shymkent Creative Hub: Қой жүнінен гобелен жасайтын Ғазиза

Шымкент қаласында еліміздің экономикалық және мәдени дамуына серпін беріп, қолөнершілерге қолдау көрсетіп келе жатқан креативті индустрия ассоциациясының құрамында бүгінде 150-ге жуық мүше бар. Аталмыш ассоциацияның негізгі мақсаты – шығармашылық саласындағы кәсіпкерлерді біріктіріп, олардың ресми тіркелуіне, кәсіби дамуына жағдай жасау. 

Айта кетейік, креативті индустрия ассоциациясы мен мемлекеттік қолдау арқасында Шымкентте қолөнер шеберлері үшін ерекше жағдайлар жасалып келеді. Мысалы, шығармашылық хабтарда өз жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беріліп, кәсіпкерлердің заңды тіркелуі басты талап ретінде қойылады. Бұл жағдай шығармашылықпен айналысатын азаматтардың өз өнімдерін нарыққа шығаруға, әлеуметтік желілерде насихаттауға және тапсырыс алуына оң ықпал етеді.