Шымкент: Әлеуметтік кәсіпкерлерге мемлекеттік грант конкурсы қарашада өтеді
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.
Шымкент қаласында Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес «резеңке пәтерлерге» қатысты тексеру жұмыстары жүргізілді. Бұл шара азаматтарды нақты тұрғылықты жері бойынша тіркеу тәртібін қатаң сақтау және заңсыз тіркелген адамдарды анықтау мақсатында жүзеге асырылды.
Өткен аптада Шымкент қаласында қылмыстық қудалау органдары 152 қылмыстық істі тіркеді. Олардың басым бөлігі — алаяқтық (49 іс), ұрлық (30 іс), есірткі заттарының заңсыз айналымына (15 іс) және жол-көлік оқиғаларына (7 іс) қатысты деректер.
2025 жылғы 12–15 қазан аралығында Шымкент қаласындағы Көрме орталығында Иран Ислам Республикасының 3-ші сауда-өнеркәсіптік көрмесі өтеді. Іс-шараға инженерлік-техникалық, сауда және инвестициялық бағыттар бойынша жетекші ирандық компаниялар қатысады. Бұл туралы Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек хабарлады.
«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң талаптарына сәйкес, қаңғыбас жануарларды мерзімінен бұрын стерилизациялауға жол бермеу мақсатында операция жасау туралы шешім жануар уақытша ұстау пунктіне түскеннен кейін төртінші күні қабылданады.
Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында бірқатар кешенді шаралар қолға алынған.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ресми өкілі, қала әкімінің орынбасары – Сәрсен Абайұлы Құранбек мәлімдеді.
Түркістан облысы, Отырар ауданында 7 қазан – Дүниежүзілік мақта күніне орай ауқымды «AQ-DALA» мақташылар фестивалі өтті. Іс-шараның мақсаты – мақта шаруашылығының өңірдегі даму тарихын, жетістіктері мен жаңалықтарын дәріптеу, жаңа технологияның қолданысын кеңейту және «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында шаруаларға құрмет көрсету. Фестиваль аясында егіс алқабына экскурсия, ауыл шаруашылығы және мақта шаруашылығына арналған техника көрмесі ұйымдастырылып, жаңа агротехнологиялар таныстрылымы өтті. Салтанатты шараға арнайы қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ауыл шарушалығы еңбеккерлерін мерекемен құттықтап, сала үздіктерін марапаттады.
Ордабасы ауданындағы жаңадан ашылған Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мәдени-спорттық кешенде аудан әкімдігінің қолдауымен және «Қажымұқан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлы рухына тағзым» атты тағылымды іс-шара өтті.
Хадиша Бөкеева атындағы театрдың халықаралық гастрольдік сапары Шымкенттегі Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрынан басталды.