Ордабасы ауданы әкімінің іскерлік сапары жалғасын тапты
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев бастаған делегация Қытай Халық Республикасындағы іссапар аясында Шандон провинциясына қарасты Шугуан ауданына барды.
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев бастаған делегация Қытай Халық Республикасындағы іссапар аясында Шандон провинциясына қарасты Шугуан ауданына барды.
Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күніне орай Шымкент қаласында «SHYMKENT DIGITAL CUP 2025» атты футболдан дәстүрлі турнир өтті. Жарысқа цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласының қызметкерлері қатысып, командалық есепте бақ сынады.
Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке кіру кезінде артық кедергілер мен тосқауылдарды жою, сондай-ақ азаматтар үшін мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, заңнамаға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Мегаполистегі «Көл» қоғамдық орнының аумағында заманауи музыкалы-лазерлі субұрқақ салтанатты түрде ашылды. Қарқынды дамудың символындай болған жаңа нысан қаланың көркін одан әрі аша түсті.
Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың жетекшілігімен Қытай Халық Республикасының Таншань қаласына делегация барды. Сапардың негізгі мақсаты – екіжақты экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, тәжірибе алмасу және жаңа серіктестік бағыттарды айқындау болды.
Шымкент қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Жанға жайлы жерұйық – біздің Отан» атты фестиваль өтті. Іс-шараны қалалық Армян және Славян этномәдени бірлестіктері ұйымдастырды.
Ордабасы ауданына қарасты Бөген ауылында жаңа өрт сөндіру бекетінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған нысан «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында салынды. Ғимарат заманауи талаптарға сай жабдықталып, өрт сөндіру қызметкерлерінің тиімді жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған.
Бүгін экологиялық мәдениетті дамытуға және табиғатты көркейтуге бағытталған кең ауқымды ағаш отырғызу акциясы Ордабасы ауданының орталығымен қатар барлық ауыл округтерінде жалғасын тауып, тұрғындардың белсенді қатысуымен жүзеге асырылды.
Ордабасы ауданында көгалдандыру мен абаттандыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Ғылымның дамуы — мемлекеттің маңызды приоритеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынды академияның ғылыми жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Сейіл Біржан Сейітұлы ашып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында ғылым саласына қатысты айтылған басым бағыттарға тоқталды.