Кентау қаласында қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған диктант өтті

Кентау қаласында Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі мен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен «Қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктант» өткізілді.

Кентау қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиынға қалалық дербес бөлімдердің, құқық қорғау органдарының басшылары мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Шымкентте инженерлік және жол құрылысы жұмыстарының қарқыны күшейтілді

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс сапары барысында Тұран ауданындағы Айқап шағынауданында салынып жатқан кәріз жүйесінің құрылыс барысымен танысты. Әкім тұрғын үйлерді су бұру жүйесіне уақытылы қосу және жол жабындысын қалпына келтірудің маңыздылығын атап өтті. Мердігер ұйымға жұмыстың қарқынын арттырып, инженерлік желілердің сенімді әрі үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету тапсырылды.

66 мыңнан астам шымкенттік қатысқан жоба

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпарат алаңында өткен брифингте, “Кітап оқитын ұлт” жобасының Шымкент қалалық кеңсе жетекшісі – Ақан Сәбитұлы Бесбаев төмендегідей мәлімдеме жасады.

Шымкентте «SHYMKENT DIGITAL CUP 2025» футбол турнирі өтті

Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күніне орай Шымкент қаласында «SHYMKENT DIGITAL CUP 2025» атты футболдан дәстүрлі турнир өтті. Жарысқа цифрландыру және ақпараттық технологиялар саласының қызметкерлері қатысып, командалық есепте бақ сынады.

Ордабасы ауданында мемлекеттік қызметке үміткерлерге арнайы бөлме жабдықталды

Мемлекет басшысының мемлекеттік қызметке кіру кезінде артық кедергілер мен тосқауылдарды жою, сондай-ақ азаматтар үшін мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес, заңнамаға бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.