Түркістан облысы: Ордабасы ауданында Рәміздер аллеясы пайдалануға берілді
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Ордабасы ауданында тағылымы мол мерекелік іс-шара өтті. Мерекелі күнде аудан орталығы Темірлан ауылында жаңа «Рәміздер аллеясы» пайдалануға берілді.