Түркістан облысы: инвесторлар Жетісайда жылыжай мен көкөніс сақтау қоймасын салуды жоспарлауда

Жетісай ауданында инвестиция тарту, жаңа жобаларды жүзеге асыру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасын жүзеге асыру аясында аудан әкімі Серік Мамытов түрік инвесторларымен кездесті.

Түркістан облысында тоқыма өнідірісінің алып жобасы іске асуда

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласы қатар дамып келеді. Соңғы жылдары бұл өңірде агроөнеркәсіп кешенін қайта өңдеуге басымдық беріліп, жаңа өндірістік қуаттар іске қосылуда. Соның бірегейі – «Түркістан Текстиль» ЖШС қолға алған маңдайалды мақта-мата кластері. Жобаның құрылыс барысымен облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы барып танысты. Өңір басшысы кластердің экономикалық мән-маңызын атап өтіп, сапалы әрі жедел іске асыруды тапсырды.

Түркістан қаласында микрокристалды тас және декоративті қаптама материалдары өнідірісі іске қосылмақ

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы «Караван-Темір» ЖШС компаниясының өкілдерімен кездесті. Жиын барысында қаладағы құрылыс индустриясын дамытуға бағытталған маңызды инвестициялық жобаларды талқылап, микрокристалды тас пен декоративті қаптама материалдарын өндіретін кәсіпорын ашу мәселесі қаралды.

Түркістан қаласында «Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы ұйымдастырылды

Түркістан қаласында алғаш рет жастарға арналған «Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» атты практикум өтті.  «Ұлы дала елі» орталығында өткен іс-шараның мақсаты - еріктіліктің қоғамдағы маңызын арттыру, жастардың азаматтық белсенділігін дамыту және әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын нығайту. Сонымен қатар, еріктілерді әлеуметтік кәсіпкерлікке бейімдеу арқылы олардың қаржылық тұрақтылығын қалыптастыру көзделген.

Түркістан қаласының әкімі индустриялық аймақтағы құрылыс жұмыстарын аралады

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы шаһар аумағындағы бірқатар маңызды нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сапар барысында алдымен А.Тұтқабай көшесі мен Сапарбай болыс көшесінде жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарының барысын көрді. Сонымен қатар М.Әбенова көшесіндегі күрделі жөндеу жұмыстары мен Тұран мөлтек ауданындағы Айтуар би көшесіндегі орташа жөндеу жол құрылыстарын аралады.

Созақ ауданы: Шу өзені мен «Фурманов» каналына қатысты мәселелер талқыға түсті

Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен Шу өзені суына қатысты лездемелік жиын өтті. Жиынға салаға жауапты мамандар мен Шу өзенінің бойында орналасқан ауылдық округтердің әкімдері қатысты.