Түркістан облысында жеке инвестициялар көлемі 1,7 есе артты

2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Түркістан облысында негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң өсім сақталды. Бірқатар салада көрсеткіш жақсара түскен. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 680,6 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 104,7%-ды құрады.

Түркістан: облыс әкімі кәсіпкерлікті дамытудың ұтымды қадамдарын ұсынды

Түркістан өңірінде жиһаз кластерін қалыптастыруға толық мүмкіндік бар. Осылай деген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданының кәсіпкерлерімен және инвесторларымен бизнес саласын талқылау бойынша кездесу өткізді.

Түркістан облысында баламалы энергия көздерінің бірнеше нысаны іске қосылады

Қытай инвесторларының қатысуымен Түркістан облысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту мақсатында жел және күн электр станцияларын салу бойынша бірнеше жоба жүзеге асырылады. Жалпы қуаттылығы 1260 МВт электр станцияларын салу үшін Сауран, Созақ, Бәйдібек, Ордабасы және Түлкібас аудандары қарастырылуда.

Дархан Сатыбалды: «Түркістан өңірін кәсіпкерлік орталығына айналдыруға мүмкіндік мол»

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шағын, орта және ірі бизнес өкілдерімен кездесті. Мұндай кездесу тұрақты түрде өтеді. Бұл жолы Түркістан қаласында бизнесін дамытуға ниет білдірген Алматы, Қарағанды облыстарынан арнайы келген кәсіпкерлер қатысты. Сондай-ақ туризм, агроөнеркәсіп, өңдеу өнеркәсібі және басқа салалардан 50-ге жуық кәсіпкер жиналды. Мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысып, ұсыныстарды тыңдады. Бизнес өкілдері қордаланған мәселелері мен жаңа ұсыныстарын айтты. Кездесу еркін форматта өтті.

Дархан Сатыбалды әкімдерге инвестициялық ахуалды жақсартуды тапсырды

Түркістан облысының аудан әкімдері мен кәсіпкерлерінің Қытай Халық Республикасына іссапарынан кейін өңірде бірнеше зауыт - фабрика ашу қолға алынды. Ынтымақтастық, экономикалық, сауда және ауыл шаруашылығын арттыру бойынша бірқатар меморандумдарға қол қойылды.

Түркістан: Сайрам ауданы ауыл шаруашылығы өнім бойынша облыста көш бастап тұр

Сайрам ауданы – ауылшаруашылығы өркендеген іргелі аудандардың бірі. Аталған салада жыл басынан бері 103,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, облыста көш бастап тұр. Бұл жайында аудан әкімі Арман Сәбитов брифингте мәлімдеді.