Жетісай ауданында ресейлік инвестормен бірге жоңышқа грануласын өндіру бойынша келіссөздер жүріп жатыр

Бұл туралы  Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов айтты. Оның сөзінше, биыл 9 айда ауданның негізгі капиталына 16,6 млрд теңге инвестиция салынған. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 21 мыңнан асып, олардың өндірген өнім көлемі 26,5 млрд теңгеге жеткен.

Түркістан: Дархан Сатыбалды өңірде мал бордақылау, ет экспорты, жылыжай шаруашылығындағы жобалармен таныстырды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Сайрам және Ордабасы аудандарын аралады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өңірде мал бордақылау, ет экспорты, жылыжай шаруашылығындағы жобалар туралы айтып, кәсіпкерлермен кездестірді.

Отырар ауданында жүгері кластерін дамыту аясында ауқымды жобалар қолға алынған

Түркістан облысы, Отырар ауданында «Дәндік жүгері дақылының өнімділігін арттыру» жөнінде семинар-кеңес өтті. Семинарға Ө.О.Оспанов атындағы қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университетінің ғалымдары, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары, аудан шаруалары қатысты.

Түркістан қаласы облыстың ауыл шаруашылығы саласына едәуір үлес қосып келеді

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың қатысуымен қала әкімдігінде кеңейтілген мәжіліс өтіп, өзекті мәселелер сараланды. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков атқарылған жұмыстармен қатар, түйткілді мәселелерді де көтерді.

Сайрам ауданында еліміздегі мол көлемде банан өндіретін алғашқы кәсіпорын бар

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданындағы кәсіпорындар мен өндіріс орындарының жұмысымен танысты. Еліміздегі мол көлемде банан өндіретін алғашқы кәсіпорын Сайрам ауданында орналасқан. Түріктің «Gen group Qazaqstan» компаниясы 5,3 га жылыжай кешенін салып, банан отырғызған. Өсірілетін банан сорты арнайы Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген. Алғашқы өнімді 6 айдан кейін жинау жоспарлануда.

Сайрам ауданында халықаралық талапқа сай «Gen Group Kazakhstan» жылыжайы жұмыс істеп жатыр

Түркістан облысына инвестиция тарту бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдері Қытай мен Өзбекстан мемлекеттеріне іссапармен барып, өндірісті дамыту бағытында тәжірибе жинады. Аталған жұмыстардың нәтижесі және алдағы жоспарлар облыс әкімі аппаратының апталық отырысында талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс орындарын ашу, өндіріс орындарын көбейту аса маңызды екенін жеткізді.

Түркістан облысында соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 2 есеге дейін ұлғайған

Түркістан қаласында «Қазақстанның үздік тауары – 2023» өңірлік байқау-көрмесі өтті. Көрмеге азық-түлік, машина жасау, химия, қолөнершілер, жеңіл өнеркәсіп пен құрылыс индустриясының 80-нен астам тауар өндірушілері қатысты. Отандық өнімдерді қолдау мен отандық өндірісті дамыту, халық арасында сапа идеясын насихаттау мақсатындағы көрме-байқауға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, өңір тауарөндірушілерінің жұмысын жоғары бағалады.

Сайрамда жылына 20 мың тонна өнім шығаратын құс фабрикасы салынады

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданының кәсіпкерлерімен және инвесторларымен бизнес саласын талқылау бойынша кездесу өткізді. Кездесу барысында бизнес саласындағы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.