Түркістан: Бәйдібек ауданына инвестиция тарту жұмысын жандандыру керек

Бәйдібек ауданын дамыту үшін қандай салаларға басымдық берілгені жөн? Қандай жұмыстарды атқару керек? Ауданда өндірісті дамыту мен өзіндік табысын көбейту мүмкіндігі бар ма? Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен ауданда өткен актив отырысында осы және өзге де сұрақтарға жауап ізделді. Индикаторларды орындай алмаған жауапты тұлғаларға сын-ескертпелер айтылып, тапсырмалар берілді.

Шардара ауданында көктемгі дала жұмыстары дайындық жүргізілуде

Шардарада көктемгі дала жұмыстарын уақтылы ұйымшылдықпен өткізу мақсатында аудан әкімінің тапсырмасымен «2024 жылғы көктемгі дала жұмыстарын үйлестіру жөнінде аудандық штаб» құрылды. Биыл егілетін егіс көлемі жоспарланды.

Түркістан: Шардарада инвестициялық жобаларды көбейту керек

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Шардара ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан активімен отырыс өткізді. Мәжілісте Шардара ауданың экономикасын көтеру жолдары талқыланды. Өткен жылы ауданды дамыту бағытында атқарылған жемісті жұмыстар мен кездескен кемшіліктер сараланды. Облыс әкімі кемшіліктерді уақтылы қалпына келтіріп, жоспарларды жүйелеуді тапсырды.

Түркістанда жиһаз шығаратын жаңа зауыт ашылды

Түркістан облысында өндіріс орындары мен жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту бағытында қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Таяуда облыс орталығы Түркістан қаласындағы «TURKISTAN» индустриалды аймағында жиһаз цехы ашылды. Ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, кәсіпорынның жұмысына сәттілік тіледі.

Түркістан: күкірт қышқылы зауытының құрылысына Италия компаниясы қолдау көрсетеді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Италияға жұмыс сапары барысында маңызды келісімдерге қол жеткізді. Солардың бірі – Түркістан облысы, Созақ ауданында күкірт қышқылын өндіретін зауыт салу жобасы.

Түркістан облысының делегациясы Оңтүстік Кореяда келіссөздер жүргізді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бастаған облыс делегациясы Оңтүстіктік Корея мемлекетіне іссапармен барды. Сапар барысында облыс делегациясы мен Қазақстанның Кореядағы елшісі Нұрғали Арыстанов Korea International Trade Association (Кореяның халықаралық сауда қауымдастығы) компаниясының президенті Сик Юн Джинмен кездесті. Қос тарап өзара байланысты дамытуға бағытталған маңызды мәселелерді талқылады. Келіссөздер жүргізді.