Түркістан: «Кең дала 2» жобасы шаруаларға 5 пайыздық несие береді
Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Кең Дала 2» бағдарламасы бойынша фермерлерді қаржыландырудың шарттары баяндалды.
Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Кең Дала 2» бағдарламасы бойынша фермерлерді қаржыландырудың шарттары баяндалды.
Созақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында шаруалардың қатысуымен жиын өтті. Онда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге бөлінетін қажетті несие және мемлекеттік қолдау шараларының берілу шарттары түсіндірілді.
Түркістан облысы құрылғаннан бері 6 жыл ішінде облыстық және аудандық жолдар мен көшелерді жөндеуге республикалық және облыстық бюджеттен 311,5 млрд теңге қаржы бөлініп, 9544,6 шақырым жолдар мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Еліміздегі су үнемдеу технологиясын шығаратын ең алғашқы зауыт Түркістан облысында іске қосылды. Биыл екінші зауыт жабдықталып, өз жұмысын бастайды. «BNK Group LTD» компаниясы америкалық «Nelson Irrigation» компаниясымен бірлесіп, айналмалы және фронтальды әрекет ететін жаңбырлатқыш машиналар өндірісін іске қосты. Өндірістік техника 3 мың м2 метр аумаққа орналастырылды.
Түркістан – агроөнеркәсіп саласы қарқынды дамыған өңір. Халықтың 80 пайыздан астамы ауылда тұрады. Ауыл шаруашылығы саласындағы өнім көлемі 2023 жылы 1,2 трлн теңгеден асып, облыс республикада көш бастады.
Түркістан облысында инвестиция тартуға басым бағыт берілген. Өңірде инвестициялық штаб жұмыс істейді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әрбір инвестормен жеке кездесіп, қолдап, әр жобаның түпкілікті жүзеге асуын жіті бақылайды.
Түркістанды рухани астана ретінде дамыту шаралары өңір экономикасына тың серпін берді. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер өсімі қалыптасты. Жалпы өңірлік өнім 6 жылда 2,5 есеге өсіп, былтыр 4,2 трлн теңгеге жетті. Биыл 6 трлн теңгеге жеткізу жоспарланған. Жалпы өнеркәсіп өнім көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге артып, өткен жылы алғаш рет 1 трлн теңгені құрады.
Созақ ауданында ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында қолға алынған «Ауыл аманаты» жобасы арқылы балық шаруашылығын жолға қойған азаматтардың саны күн санап артып келе жатыр. Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков жаңа жобаны қолға алған кәсіпкерлердің шаруашылығымен танысып, кәсіп иелерімен пікір алмасты.