ФАО Түркістан облысындағы фермерлерді пестицидтердің мөлшерін азайтып, «таза» өнім алу жолдарын үйретеді

Аграрлық сектордың дамуы және жемістер мен көкөністерге сұраныстың артуы жағдайында зиянкестермен күресу үшін химиялық пестицидтерді интенсивті және бақылаусыз қолдану барған сайын артып келеді. Сонымен қатар жаһандық жылынумен бірге зиянды организмдердің түрлік құрамы да өзгеріп, жаңа аурулар пайда болуда. Түркістан облысының диқандары да осындай мәселелерге тап болып отыр. Жергілікті шаруалар жеміс-жидек дақылдарының бактериялық күйігінен қызанақ көбелегінен, қызанақ жемістерінің мыжылуынан егін шығындарына ұшырауда. Қоңыр мәмәр қандала және т.б. жаңа қауіп тудырады.

Түркістан: ғаламтор сапасын жақсартып, ІТ саласын дамыту жолдары сараланды

Түркістан облысы әкімінің апталық мәжілісінде өңірді сапалы ғаламтормен қамту мәселесі талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауапты басшыларға ІТ саласын дамыту, жолдардың бойынша интернет байланысын күшейту, ауылдарда байланыс сапасын жақсарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Байланыс операторларының жауапкершілігін көтеру, солармен бірлесе жұмыс істеу, инвестиция тарту мәселелері де сөз болды.

Сауран ауданында жаңбырлатып суару машиналары шығарылады

Сауран ауданына қарасты Шаға ауылдық округінде жаңбырлатып суару машиналары мен тракторлар шығарылуда. Бүгінгі таңда 80 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған «BNK GROUP LTD» ЖШС мекемесі жылына 950 дана жаңбырлатып суару технологиясымен жұмыс істейтін машиналарды өндіруге қауқарлы. Іргелі өндіріс орнына БАҚ өкілдері арнайы барып, жұмысымен танысты.

Түркістан облысындағы 10 индустриалды аймақта 49 кәсіпорын жұмыс істеуде

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұласбек Сәдібековпен кездесті. Кездесу барысында өңірді дамыту мәселелері талқыланды. Өңір басшысы облыста инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу, кәсіпкерлікті дамытуға басымдық беріліп отырғанына тоқталды.

Түркістан облысы: Түлкібас ауданын дамыту, инфрақұрылмын жақсарту жолдары талқыланды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесуде ауданды дамыту, инфрақұрылмын жақсарту, атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар талқыланды. Өңір басшысы билік пен халық бірлесе жұмыс атқарса ғана аймақ дамитынын айтты. Өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, ауылдарды абаттандыру, тазалық жағдайын жақсарту мәселесі маңызды екенін жеткізді.

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында өндіріс жанданып келеді

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданына жұмыс сапарымен барды. Бүгінде Түлкібас ауданында мемлекеттік қолдаумен өндіріс саласы қарқынды дамуда. Жергілікті кәсіпкерлер субсидия, жеңілдетілген несие алып, бизнесін кеңейтіп жатыр. Пандемия кезінде тұралап қалған кәсіпорындар жұмыстарын жандандырды.

Сауран ауданында 39 инвестициялық жоба іске қосылып, 700-ге жуық тұрғын жұмыспен қамтылды

Сауран «аудан» статусына ие болғаннан бастап инвестициялық әлеуеті көтеріліп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Жеке инвесторлардың аудан аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қызғушылығы артқан. Өткен жылы ауданға 34,6 млрд. теңге инвестиция тартылған болса, биыл инвестиция көлемін 42 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының Сауран ауданына сапары барысында аудан тұрғындарымен кездесуінде Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров баяндады.

Ордабасыдағы тігін фабрикасы тәулігіне 500 дана өнім дайындайды

Ордабасы ауданы Түркістан облысындағы экономикасы қарқынды өсіп келе жатқан алдыңғы қатарлы өңірлер қатарында. Биыл сәуір айында Бадам елді мекенінде ашылған тігін фабрикасы да ауданның өркендеуіне өзіндік үлес қосарына күмән жоқ. Таяуда БАҚ өкілдері «JNRAY Group» ЖШС-ң тігін фабрикасына арнайы барып, жұмыс барысымен танысты.