Түркістанда жаңа ғимараттар бой көтере бастайды

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Түркістан облысына ресми сапарында бірнеше отандық компанияға Түркістан қаласындағы әкімшілік орталықта ғимараттар салуды тапсырған болатын. Осыған орай Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қазақстандық инвесторлар «BI Group» және «Саутс-Ойл» компанияларының өкілдерін қабылдады.

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында мақтаның бағасы 180 теңге болып бекітілді

Мырзашөл өңіріндегі ризық-несібесі «ақ алтын» арқылы бұйыратын шаруалар үшін жағымды жаңалық! Кешегі аптада вице-премьер-Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев пен облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың Мақтаарал ауданына жасаған жұмыс сапарынан кейін мақтаның бағасы 180 теңге болып бекітілді. Министр мен облыс басшысы жергілікті зауыт басшыларымен және мақтаны экспорттаумен айналысатын трейдерлермен арнайы жиын өткізіп, жүргізілген нәтижелі жұмыстың арқасында «ақ алтынның» бағасы 10 теңгеге өсті. 

Елбасы өз Жолдауында Түркістан облысындағы «Бөрте-Милка» компаниясының жетістігін тілге тиек етті

Президент Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында Түркістан облысындағы «Бөрте-Милка» компаниясының жетістігіне арнайы тоқталды. Дәлірегі, «Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту. Мәселен, Түркістан облысында «Бөрте Милка» ЖШС-і жаңа заманауи технологияларды пайдаланудың арқасында өнімділікті 2 есеге арттырған» деді. 

Түркістан облысы: Ө.Шөкеев пен Ж.Түймебаев мақтааралдық шаруалармен кездесті

ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысына жасаған сапары кезінде Мақтаарал ауданына да ат басын бұрды. Мақталы өлкедегі ауыл шаруашылығы саласының даму барысымен танысқан министр бірнеше нысандарды аралап көрді. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңірде ауыл шаруашылығы саласына көңіл бөлініп, өнімділік жоғарылап келе жатқанын жеткізді. 

Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев жұмыс сапарымен Келес ауданында болды

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Келес ауданына арнайы жұмыс сапарымен барды. Сапар барасында ауданның тыныс - тіршілігімен танысып, Қошқар ата ауылдық округіндегі «Өктемхан» шаруа қожалығында атқарылып жатқан жұмыстарға да қанықты.