Түркістан облысында автоматтандырылған жылыжай жұмыс істейді

Түркістан облысындағы агроөнеркәсіптік кешендер цифрлық форматқа көше бастады. Мәселен, Сарыағаш ауданында автоматтандырылған жүйе енгізілген жылыжай жұмыс істейді. Қызанақ өсірумен айналысатын шаруашылық жаңа технологияны енгізу арқылы өнім көлемін екі есеге дейін арттырыпты. 

Франциялықтар Түркістанда инвестициялық жобаларды іске асыруға қызығушылық танытып отыр

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков Францияның Алматы қаласындағы Бас консулы Алексис Шахтахтинскиймен кездесті. Басқосуда тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыс пен инвестициялық ынтамақтастықты арттыру жайын талқылады. Кездесуде облыс әкімінің орынбасары қонақтарды өңірдің экономикалық әлеуетімен таныстырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

Түркістанда «AGROFEST-2018» фестивалі өтті

Түркістан қаласында алғаш рет «AGROFEST-2018» ауыл шаруашылығы фестивалі өтті. «Есімхан» алаңында өткен шараға ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері, еңбек озаттары, кәсіпкерлер, халық қалаулылары мен сала мамандары қатысты. Мерекелік жиында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев сала мамандарын кәсіби меркелерімен құттықтап, аймақтың жетістіктеріне тоқталды.

Түркістандық кәсіпорындар жаппай жалақыны өсіріп жатыр

Түркістан қаласындағы 20-дан аса кәсіпорын жұмысшыларының ең төменгі жалақысын 20 пайызға көтеретін болды. Қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік бөлімімен кәсіпорындар арасында осындай меморандум бекітілді. Бұл өндіріс орындарының арасында наубайхана, жиһаз және құрылыс материалдарын өңдейтін цех, коммуналдық салаға қажетті құбыр насосын шығаратын кәсіпорын мен мақтаны терең өңдейтін зауыт бар.

Отырарлықтар «Алтын күз» мерекесін атап өтті

Жұма, яғни, 16 қараша күні Отырар ауданында «Алтын күз» мерекесі салтанатты түрде аталып өтті. Мерекелік шараға қатысқан аудан әкімі Ерлан Айтаханов барша ауыл шаруашылық саласының мамандарын мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Алтын күз-2018: жетісайлықтар 400 мың тоннадан астам бақша өнімдерін жинады

Жетісай ауданында «Алтын күз-2018» іс-шарасы тойланып, Жетісай қаласының күні мерекесі аталып өтілді. Қос мейрамға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, жемістер перамидасын тамашалап, сүт, нан өнімдері және ауылдық округтердің ауыл шаруашылық өнімдерінің көрмесін аралап көрді. "Алтын күз - 2018" мерекесі барысында «Бұқа», «Ләңгі», «Айыр ағашпен дәлдеу», «Көңілді старт» сынды спорттық сайыстар ұйымдастырылып, қонақтар бауырсақтан жасалған пирамидадан дәм татты.