Түркістан облысы: Жетісай ауданында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы түсіндірілді

Бүгін Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ауыл шаруашылығы саласын несиелендіру бойынша жиын өтті. Жиынға ауданның жеке кәсіпкерлері, шаруа қожалықтарының төрағалары және ауыл шаруашылығы саласының мамандары қатысты. Кездесуді Жетісай ауданы кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Данияр Толыбаев жүргізді. 

Түркістан облысы: Ордабасы ауданының ауыл шаруашылығы саласындағы өндірілген өнім 13 млрд. теңгеге жуықтады

Мал шаруашылығы саласын дамытудың негізгі көрсеткіштері мал басы мен мал шаруашылығы өнімдерін ұлғайтуға және асыл тұқымды мал басының үлесін арттыруға бағытталған. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, қаңтар-маусым айларында Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі – 12 млрд. 951 млн. 500 мың теңгені құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 млрд. 537 млн 500 мың теңгеге артты. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында ауыл шарушылығы саласын дамыту мақсатында ауқымды жобалар іске асып жатыр

Түлкібас ауданында қай саланы алсақ та, ілкімді істер қолға алынып, жүйелі түрде іске асып жатқанын байқауға болады. Солардың бір бағыты – ауыл шаруашылығы саласында. 

Түркістан: Төлеби ауданында жүзім шаруашылығы дамып келеді

Төлеби ауданына қарасты Тасарық елдімекенінің орталық клубында аудан басшысы мен округ тұрғындарының қатысуымен жиын өтті. Аудан әкімі Тасарық ауылдық округіне қарасты бірнеше мекемелердің жұмысымен танысты. Бірінші кезекте жеке кәсіпкер С.Танабаевтың 18,6 га жүзім бауы мен 15 га сарымсақ бауының жұмысынан бастады. Кәсіпкер 30 690 дана тайфи жүзімін егіп, тұрақты 10 адамды, маусымдық жұмыста 100 адамды қамтамасыз етіп отыр.

Түркістан облысы: Шардаралық мақташылардың жаңа әдісі мол өнімге жол ашты

Шардара ауданы биыл мақта өнімін екі есе мол алуды жоспарлап отыр. Жаушықұм ауылдық округіне қарасты «Иіржарагро» шаруақожалығы 350 гектар жерге мақтаның жергілікті сортын еккен. Сонымен қатар шаруа қожалығы алқапты тамшылатып суғару әдісін де қолға алған. Оңтайлы іске көшкен шаруалар былтырғымен салыстырғанда биыл өнімді мол жинайтынына сенімді. 

Түркістан облысы: Келес ауданында диқандар судан тапшылық көріп отырған жоқ

Еліміздегі диқаншылықпен аты шыққан аймақтардың бірі – Келес өңірі. Аудан өз алдына бөлініп шыққалы бері бұл кәсіп қайта жандана түскен. Өйткені, диқан үшін ең қажетті нәрсе, су мәселесі оң шешімін тапқан. Сонымен қатар, ұзақ жылдардан бері қараусыз қалған қашыртқы каналдар да тазаланып, ел қуанышы еселенуде.