Арыста «Бизнестен бизнеске көмек» жобасы жүзеге асырылуда
«Бизнестен бизнеске көмек» жобасы аясында Арыстағы 85 кәсіпкерлік нысанға 700 млн теңгеге жуық қаржылай көмек көрсетілген. Жобаның басты үйлестірушісі «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі.
«Бизнестен бизнеске көмек» жобасы аясында Арыстағы 85 кәсіпкерлік нысанға 700 млн теңгеге жуық қаржылай көмек көрсетілген. Жобаның басты үйлестірушісі «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігі.
«Жас кәсіпкер» – оқу жобасы Түркістан қаласы мен басқа аудандарда өтіп жатыр. Жобаға қатысқан түлектер өздерінің іскерлік дағдыларын дамытып, соңында бизнес жоспар жасап шығады. Сол арқылы өз кәсібін ашуға және грант түрінде бастапқы 505 мың теңге, одан соң, 8000 АЕК-ке дейінгі жеңілдетілген несиені жылдық 6%-бен алатын болады. Жалпы барлық қатысушыларға 19 753 теңге шәкіртақы төленеді.
Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев және «ЭКО Культура» агроөнеркәсіптік холдингі Президенті Александр Рудаков, сондай-ақ «GreenLandAlatau» Бас директоры Алмас Дауытовтың қатысуымен жиын өтті. Сонымен қатар кездесуде Инвестиция және экспорт басқармасы, Экономика және бюджеттік жобалау басқармасы, «KazakhInvest» аймақтық өкілдігі, «TurkistanInvest» фронт-офистің басшылары, «KazakhInvest» ҰК АҚ Төрағасы орынбасары және бас менеджері қатысты.
Кәсібі кеңейген «Шахнұр» шаруа қожалығы бүгінде жылына 40 тонна өнім алып отыр екен. Түркістан облысы, Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында 1996 жылдан бері ауыл шаруашылығымен айналысып келе жатқан Уәлихан Асаев, жылыжаймен айналысқандардың ішіндегі алғашқысы деп айтсақ қателеспейміз.
2009 жылы Шымкент қаласында негізі қаланған «Ғибрат Құрылыс» ЖШС биыл Мақтааралда қайта тіркеуден өткен. Шолпан Дүйсенбина басшылық ететін кәсіпорын Мақтааралда ПУИД-2 жобасы аясында жалпы жобалық құны 115 миллион теңгенің тапсырысын қабылдап, ағын су жүйелерін салу мен оларға қажетті өнімдер шығару, каналдарды тазартудан бөлек газ желілеріне және түрлі мекемелер мен жеке тұлғалардың тапсырысы бойынша темір-бетондар жасауда.
Бүгінгі таңда мақталы Мақтаарал ауданында вегетациялық науқан қарқынды жүріп жатыр. Ауданға қарасты 21 канал мен олардың тармақтарының барлығына ағын су толып, Достық каналы арқылы ауданға секундына 42,30 текше метр су берілуде.
Кентау қаласына қарасты Қарашық ауылында «Нұр Балым» шаруа қожалығы жұмыс істейді. 2011 жылы жұмыстарын бастаған шаруа 2016 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 11 млн. теңге несие алып, 32 бас жергілікті мекеннен сиыр алған. Оларды сүт, ет бағытында қолдануда.
Қазақстан Үкіметі барлық аймақтарда инвесторларды сүйемелдеу бойынша фронт офистер қызметін жүзеге асыру ережесін бекіткен болатын. Аталмыш тәсіл инвестордың құжат жинау және дайындау процесіне қатысуын азайту және олардың мемлекеттік органдармен тікелей байланысын шектеуді көздейді.