Түркістан облысы: ҚР Мәжіліс депутаты Берік Оспанов Келес ауданына іс-сапармен келді

Өткен жұма, яғни, 24-тамыз күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Серікұлы Оспанов Келес ауданына іс-сапармен келді. Сапар барысында ауданға қарасты Біртілек ауылдық округі, Еңбекші елдімекенінде орналасқан «КелесПласт» ЖШС ұжымымен кездесіп, жұмыс барысымен танысты.

Түркістан облысының әкімі Келес ауданында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

Бейсенбі, 23 тамыз күні Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Келес ауданында барды. Онда әуелі Достық елді мекеніндегі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Түркістан облысы: Шардара ауданы бюджет түсімін арттыруға күш салып отыр

Жуырда Шардара ауданының әкімі Болатбек Қыстауовтың төрағалығымен аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында жиын өтті. Мәжілістің күн тәртібінде бір мәселе – Шардара ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының 2018 жылдың 7 айында атқарған жұмыстарының қорытындысы мен жыл соңына дейін қойылған міндеттері туралы есепті баяндамасы тыңдалды. 

Түркістан облысында 3 мыңнан астам отбасылық ферма құрылатын болды

Республикамызда Аграрлық-өнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларында жүктелген стратегиялық міндеттерді, бірінші кезекте АӨК-дегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын кем дегенде 2,5 есеге ұлғайту міндетін іске асыруға бағытталған. Үстіміздегі айдың басында Түркістан облысына іс-сапармен келген Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевпен өткен жиында етті және сүтті мал шаруашылығын дамытудың маңыздылығы атап өтілген еді. Сол жиында өңірлік салалық бағдарламалар шеңберінде өңірде 10 жылда бордақылау алаңдарының айналасында жалпы сүтті ірі қара мал басы 150 мыңнан асатын 3000 отбасылық ферма құрылатындығы белгілі болды.

Түркістан қаласында ашылатын сүт өңдеу зауыты үш облыстан сүт қабылдамақ

Түркістан қаласында салынып жатқан «Golden Camel» ЖШС сүт өңдеу зауытына үш облыстың шаруалары сүт өткізулеріне болады. Бірегей зауыт қызметі туралы Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Нұржігіт Мырзахметов Астанадағы ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде баяндап берді.

Түркістандық жас кәсіпкер ерекше жобаны қолға алды

Түркістандық жас кәсіпкер Исламбек Жандар осыдан екі жыл бұрын Қытайдан автокөлікке қажетті бөлшектерді құрастыруды үйреніп, арнайы құрылғыны аспанасты елінен ала келіп қызығушылықпен іс бастаған. Содан бері кәсібі бір жүйеге түскен Исламбек бүгінде автокөлікке қажетті түрлі тазартқыштардың (фильтр) 280-нен астам түрін жасап шығарады. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Жетісайлық диқандардың еңбегі жемісті

Биыл Жетісай ауданында 77 мың 274,6 гектарға егіс егілген. Оның 3312,3 гектары ескі жоңышқалық саналады. Биыл жетісайлық шаруалар жоңышқалықтан гектарына орта есеппен 164,8 центнерден өнім алуда. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.