Түркістан: Шардара ауданында көктемгі дала жұмыстары қалыпты жүргізілуде

Бүгінгі таңда Шардара ауданында көктемгі дала жұмыстарына арналған суармалы жерді игеру қарқынды жүруде. Оның ішінде: күздік бидай, арпа, күріш, жүгері, маш, күнбағыс секілді дәндік дақылдар көбейіп, ауданның негізгі өнімі саналатын мақтаның көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 5704 га қысқарды. Оның орнына, дәндік және мал азығы саналатын егістіктер көлемі ұлғайды.





