Қазығұрт ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті
Қазығұрт ауылының орталық алаңында аудан прокуратурасы мен аудандық «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараның ашылуында аудан әкімінің орынбасары Әшірбаев Мұхамедғали Шыршықбайұлы мен аудан прокурорының орынбасары Баймағамбетов Бақытжан Кеңесұлы сөз сөйлеп, жәрмеңкенің маңыздылығына тоқталды.