Отырар ауданының құрметті азаматы Құтым Ордабаевтың туғанына 100 жыл толуына орай танымдық конференция ұйымдастырылды

Отырар аудандық мәдениет сарайында «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Отырар ауданының құрметті азаматы Құтым Ордабаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Есімі аңызға айналған ұстаз» атты танымдық конференция өтті.

Түркістанда қалалық прокуратураның жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті

Түркістан төрінде қалалық прокуратураның жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Екі қабатты нысанның салтанатты ашылуына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Қазақстан Республикасының Бас Прокурордың орынбасары Ғабит Садырбеков, ҚР Бас прокуратура жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Миразов, облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Түлкібас ауданының ауыл шаруашылығы саласындағы нақты көлем индексі биыл 100 пайызды құрады

Еңбек адамдары – елдің тірегі, қоғамның қозғаушы күші. Олардың табанды еңбегі мен маңдай тері әрбір жетістік пен дамудың негізі. Күні кеше Түлкібас аудандық мәдениет үйінде ауданның ауыл шаруашылығы саласын қорытындылау мақсатында ұйымдастырылған «Алтын күз-2025» мерекелік ісшарасы өтіп, онда шаруалардың жыл бойғы еңбектері еленіп, үздіктер ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің “Еңбек ері” медалімен, “Құрмет грамотасы”, Түркістан облысы әкімінің Алғыс хатымен, ауданға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісімен, «Ауыл» партиясының құрмет грамоталары және аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Түркістан облысы: Келес ауданында жылына 25 мың тонна өнім беретін жылыжай салынып жатыр

Келес ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғат пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Бектаев бастаған жұмыс тобы келіп, «Ecoculture–Eurasia» өнеркәсіптік жылыжай кешенінің құрылыс барысымен танысты.

Түркістан облысы: Мақтааралда Ж.Қалшораев ауылына табиғи газ берілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 34 жылдық мерекесі қарсаңында Мақтаарал ауданы Достық ауылдық округіне қарасты 3 мыңға жуық тұрғыны бар Ж.Қалшораев ауылына табиғи газ берілді. Көп жылдан бері күткен игіліктің жүзеге асуы ауыл халқының тұрмыс сапасын жақсартып, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды қадам ретінде бағалануда.

Түркістан облысы: Сауран ауданының үш кәсіпорыны республикалық деңгейде марапатқа ие болды

Сауран ауданы кәсіпкерлік саласында тағы бір айтулы жетістікке қол жеткізді. Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс, «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурс-көрмесі және «Адал Азамат» премиясы бойынша аудан кәсіпорындары үздік деп танылып, ұлттық деңгейде жоғары марапаттарға ие болды.

Отырар ауданында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» бойынша кәсіпкерлерге – кәсіпкерлігін бастау және жүргізу барысында қажетті рұқсат құжаттарын, лицензияны, бизнесті дамытуға және қолдауға арналған гранттарды, оның ішінде заңнамадағы жаңалықтарды, салық режимін, бизнесті қолдауға арналған қолданыстағы бағдарламаларды және т.б. мәселелері туралы «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.

Түркістан облысы: Ордабасының көркін арттыру аудан басшылығының жіті назарында

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев аудан орталығы Темірлан елдімекенінде жүзеге асырылып жатқан көгалдандыру және абаттандыру бағытындағы ауқымды жобалардың орындалу барысын бақылау мақсатында бірқатар нысандарды аралады. Аудан басшысы әр нысанда атқарылған жұмыстардың сапасына, мерзімдік орындалуына және эстетикалық талаптардың сақталуына жіті назар аударып, жауапты мекемелердің жұмысын қадағалады.

Түркістан облысы: тарихи-мәдени орындардың инфрақұрылымын жақсарту мәселесі қаралды

Мемлекет басшысы мәдени-тарихи нысандардың инфрақұрылымын дамытуды тапсырған болатын. Осы орайда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен жиын өтті. Онда өңірдегі тарихи-мәдени мұра насындарын сақтау және осы саладағы өзекті мәселелер талқыланды.

Отырар – ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі ұлғайтудан озат аудан атанды

Түркістан қаласында Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні құрметіне «AGROFEST TÚRKISTAN – 2025» мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шарада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өңір диқандарының 300 тоннадан астам өнімі ұсынылды. Өз кезегінде Отырар ауданы ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемін ұлғайтудан облыстағы ең озат аудан номинациясын жеңіп алды.