Аталған жоба ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етіп, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға және өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, отандық жиһаз өндірісін дамытуға серпін беріп, ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етуге бағытталған. Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров жұмыс сапары барысында өндіріс нысанының құрылыс жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, кәсіпкермен кездесіп, жобаның жүзеге асырылу барысы мен алдағы жоспарлар бойынша пікір алмасты.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат