Сейсенбі, 16 Желтоқсан 2025 05:41

Түркістан облысында қуаты 300 мвт болатын күн электр станциясының құрылысы басталды

Түркістан облысы Сауран ауданы Оранғай ауылдық округінде қуаты 300 МВт болатын ірі күн электр станциясының құрылысы ресми түрде басталып, уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Аталған жоба – өңірдегі жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған ең ауқымды бастамалардың бірі. Күн электр станциясының іске қосылуы аймақтың энергетикалық әлеуетін арттырып, жасыл энергетика үлесін ұлғайтуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

Салтанатты жиында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құттықтау сөз сөйлеп, жобаның өңір үшін стратегиялық маңызын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастама облыс экономикасының әртараптануына, инвестициялық тартымдылықтың артуына және экологиялық таза энергия өндіруге жол ашады.– Бүгін өңіріміздің ғана емес, бүкіл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен «жасыл экономикаға» көшу жолындағы маңызды жобалардың бірі – қуаты 300 МВт болатын күн электр станциясының іргетасын қалау рәсіміне жиналып отырмыз. Түркістан облысы – ауа температурасы ең жоғары аймақтардың бірі. Сондықтан жаңартылатын энергия жобаларын дамыту, күн қуатын пайдалану – өңіріміз үшін аса тиімді әрі болашағы бар бағыт. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін құйылатын инвестиция құны шамамен 160 млрд. теңгені құрайды. Жоба аясында 500-ге жуық жұмыс орны ашылады деп көзделуде және жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі бастама – экологиялық таза, тұрақты даму жолына түскен Түркістанның болашағына салынған инвестиция. Бұл жоба облысымыздың энергия инфрақұрылымын нығайтып қана қоймай, халықаралық инвесторлар үшін өңірдің тартымдылығын арттыра түседі. Осы жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасының Президентіне, Үкіметіне, барлық министрліктер мен мекемелерге, сондай-ақ серіктес компания «Energy China» басшылығына алғыс айтқым келеді. Ынтымақ пен сенімге негізделген серіктестігіміз алдағы уақытта да табысты жалғаса беретініне сенімдімін. Бүгінгі салтанатты рәсім – үлкен жұмыстың бастамасы. Жобаның табысты жүзеге асуына тілектеспін, – деді Нұралхан Көшеров.

Бейнебайланыс арқылы сөйлеген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов қор тарапынан жаңартылатын энергия жобаларына жүйелі қолдау көрсетіліп келе жатқанын айтып, 300 МВт-тық күн электр станциясы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосатынын жеткізді. Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь бұл жобаны Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің жарқын үлгісі ретінде атап, жасыл энергетика саласындағы бірлескен бастамалардың маңызына тоқталды. Сонымен қатар бейнебайланыс «China Energy Group» президенті Ни Чжэн сөз сөйлеп, жобаның ұлттық энергетика саласы үшін мәні мен халықаралық әріптестікті дамытудағы рөлін атап өтті. Жиында «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов жоба компанияның төмен көміртекті генерацияға және заманауи энергия жүйесін дамытуға кезең-кезеңмен көшу жөніндегі стратегиясының маңызды бөлігі екенін атап өтті: «Самұрық - Энерго» үшін бұл станцияны салу – инвестициялық жоба ғана емес, сонымен қатар еліміздің ұзақ мерзімді орнықты дамуына қосқан үлесі. Біз серіктестерімізбен бірлесе отырып, объектіні ең жоғары сапа мен сенімділік стандарттарына сәйкес іске асыра алатынымызға сенімдіміз», деді.

«China Energy Engineering Overseas Investment Company» директорлар кеңесінің төрағасы Линь Сяодань жобаның техникалық, экологиялық және инвестициялық қырларына тоқталып, оны сапалы әрі белгіленген мерзімде іске асыруға дайын екендерін мәлімдеді. Капсуланы салу құрметі Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровке, «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовқа және «China Energy Engineering Overseas Investment Company» директорлар кеңесінің төрағасы Линь Сяоданьға берілді. Аталған күн электр станциясы толық іске қосылғаннан кейін Түркістан облысында жаңартылатын энергия көздерінің үлесі артады. Сонымен бірге инвестиция тартуға, зауыттар ашуға қажетті энергия көзі молайып, өңірдің тұрақты әрі экологиялық қауіпсіз дамуына серпін береді.

Мемлекет басшысы жасыл экономика, оның ішінде баламалы энергия көздерін дамыту – ұзақ мерзімді тұрақтылықтың кепілі болатынын атап өткені мәлім. Түркістан облысына қажетті электр қуатының 75%-ын сыртқы көздерден тасымалдауға мәжбүр (жалпы 445 МВт, оның ішінде 338,8 МВт сыртқы көздер есебінен). Аталған мәселені шешу үшін 6 маңызды жобала қолға алынды. Атап айтқанда:

- «Самұрық Қазына» қорымен Сайрам ауданында қуаттылығы 1 000 МВт болатын бугаз стансасының құрылысы басталды. Жоба құны 800 млрд теңге. Келесі жылы құрылысын аяқтау жоспарлануда;

- Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы жеке инвестор есебінен Кентау қаласында қуаты 240 МВт болатын газ турбина стансасы салынады. Жалпы құны 155 млрд теңге. 

Бүгінгі таңда, конкурстық рәсімдер мен келісімшарт түзу жұмыстары аяқталды. Нысан құрылысын 2 жылда аяқтау жоспарлануда;

- Түлкібас ауданында 320 МВт-тық бу-газ және Сауран ауданында 485 МВт-тық 2 күн электр стансасының жобасы. Ол туралы жоғарыда кеңінен айтып өттік. Бұлардың іске асыру мерзімі 2025–2027 жылдар.  

- Бәйдібек ауданында қуаттылығы 350 МВт болатын жел электр стансасының құжаттары рәсімделуде. Іске асыру мерзімі 2026–2028 жылдар.

Аталған жобаларды іске асыру есебінен экономикаға жалпы 1,8 трлн.теңге инвестиция тартылып, 2,4 ГВт электр қуаты өндіріледі. Нәтижесінде, жаңа өндірістерді ашуға қажетті электр қуатымен қамтамасыз етіледі.

Түркістан облысында өндірілетін электр энергия көлемін ұлғайту мақсатында, 2025-2028 жылдары Сайрам ауданында 1 000 МВт бу-газ стансасы, Түлкібас ауданында 320 МВт, Кентау қаласында 240 МВт (МЖӘ арқылы) газ турбина стансаларын салу көзделген. Оған қоса, 2026-2028 жылдары Сауран ауданында қуаты 485 МВт (2 жоба) күн, Бәйдібек ауданында қуаты 350 МВт жел электр стансаларын салу жоспарлануда. 2025 жылы Төлеби ауданында 110 кВ «Алатау» (іске қосылды), Жетісай ауданында 110 кВ «Жетісай» қосалқы стансаларының (РБ, ОБ есебінен) іске қосылады.

Сонымен қатар Ордабасы ауданында 220 кВ «Бадам» қосалқы стансасының құрылысы 2025 жылдан бастап іске асырылуда. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС 2025 жылы инвестициялық бағдарламасына сәйкес, 6 дана – 110-35 кВ-тық қосалқы станса, 356,8 шақырым – 110–0,4 кВ электр желісін, 89 дана – 10/0,4 кВ трансформатор қондырғыларына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде, 2025-2026 жылдарға 4,6 млрд теңге қаралып, 48,7 шақырым құрайтын жоғары кернеулі әуе электр желілерін реконструкциялау жұмыстары іске асырылуда. «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС 2025-2029 жылдары жалпы 113,1 млрд теңге келесі жұмыстар жоспарланған. Атап айтқанда:

- 778,9 шақырым – электр желілеріне;

- 23 бірлік – қосалқы стансаларына;

- 343 бірлік – трансформаторға реконструкциялау жоспарланған.

Сонымен қатар Сайрам ауданында 220 кВ «Ақсу», Сарыағаш ауданында, «Жібек жолы», Отырар ауданында «Шәулдір» қосалқы стансалардың құрылысы жүргізіледі. Сонымен қатар энергетика саласында цифрландыруды іске асыру мақсатында, 146 қосалқы стансаға жоғарғы деңгейдегі 959 дана және төменгі деңгейдегі 92 913 дана АСКУЭ есептегіш құралдарын орнату қарастырылған. Нәтижесінде, 2029 жылға қарай электр желілері мен стансалардың тозу деңгейі 57%-дан 52,8%-ға төмендеп, қосымша 330 МВт электр энергия пайда болады деп жоспарлануда.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында тұрақты әлеуметтік-экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, азаматтардың жасампаздық әлеуетін толық ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру – мемлекеттің маңызды міндеті екенін атап көрсеткен болатын. Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына қойған міндеттері аясында Түркістан облысы қарқынды дамып келеді. Түркістан облысының биылғы 10 айдың қорытындысымен облыс экономикасының әлеуметтік- экономикалық дамуының оң динамикасы сақталды. Өнеркәсіп өнім көлемі 1 256,8 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 113,4%-ды құрады (ҚР – 107,3%). Өңдеу өнеркәсібімен 593,2 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 111,2% деңгейінде қалыптасып, жоспарға қол жеткізілді (жоспар – 107,9%). Тау-кен өнімі 574,6 млрд теңге немесе өсім 115,1%-ға жетті. Жоспар (115%) толық орындалды. Ауыл шаруашылығында 1 086,9 млрд теңге өнім өндіріліп, өсім қарқыны 101,7% деңгейінде орын алды (жоспар – 104,4%). Оның ішінде - Мал шаруашылығы – 353,5 млрд теңге 106,8%; - Өсімдік шаруашылығы – 728,0 млрд теңге 99,3%-ды құрағанын айта кетейік. Облыс экономикасына, 1 178,4 млрд теңге инвестиция бағытталып, өсім 124,2%-ды құрады. Жалпы сауда көлемі 688,4 млрд теңгеге жетіп, өсім қарқыны 148,3%-ды құрады (жоспар – 122,8%).

2025 жылғы қаңтар-маусымдағы өндірілген жалпы өңірлік өнім көлемі 2 056,3 млрд теңгені құрады. Алдын ала есеп бойынша 10 айда өндірілген өңім көлемі 4 387,8 млрд теңгеге жетіп, қысқа мерзімді экономикалық өсім 114,8%-ды құрады (2 орын). Биылғы қаңтар-қазан аралығында өңдеу өнеркәсібі саласында 593,2 млрд теңгеге өнім өндіріліп, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі – 111,2% құрады. 10 ай қоырытындысымен Қазақстан Республикасы өңірлері арасында өсім бойынша 5 орын. Жалпы өнеркәсіп өнімінің 47,2% үлесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Облыс аумағында 350 аса өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары белсенді жұмыс жасайды. Өңдеу өнеркәсібі саласында 15,6 мың адам жұмыспен қамтылған.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық бағытын айқындап өтті. Жолдаудың басты идеясы – мемлекетімізді инновация мен цифрлық технологияға негізделген экономикаға көшіру болып табылады. Біріншіден, экономиканы әртараптандыру міндеті қойылды. Яғни, ел экономикасының негізгі басымдығы мұнай мен шикізат емес, жоғары технологиялық өндіріс пен инновациялық индустрия болуы тиіс. Бұл қадам жаңа жұмыс орындарын ашуға және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы бағытта Түркістан облысында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 

Облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында 20 индустриалдық және «Turan» арнайы экономикалық аймақтары құрылған. Өндірісті дамыту мақсатында өңірімізге сырттан келетін тауарларға талдау жүргіздік. Негізгі үлес құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, химия өнеркәсібі және тамақ өндірісіне тиесілі. Олар бойынша импорт көлемі 98 млрд теңгені құрайды. Бұл тауарларды облыста шығаруға барлық мүмкіндіктер бар. Инвесторлармен келіссөздер жүргізіп, оларға индустриалдық және арнайы экономикалық аймақтардан дайын алаңшалар ұсынылған. Нәтижесінде, бірнеше маңызды жобаларды іске асыруға қол жеткізілген.

Индустриалды аймақтарда құны 152 млрд теңгені құрайтын 99 инвестициялық жоба іске асырылуда. 6 361 жұмыс орны ашылады. Бүгінгі таңда 39 млрд теңге инвестиция тартылып, 50 жоба іске қосылды. 2 609 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. «Turan» арнайы экономикалық аймағында 211,8 млрд теңгеге 28 ірі жоба жүзеге асырылуда. Президент өз Жолдауында Орталық Азия елдерімен экономикалық байланысты күшейтуді тапсырған болатын. Көршілес Өзбекстанмен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 100 гектар аумақта «Орталық Азия халықаралық кооперация орталығы» құрылды. Нысан – кеден бекетімен заманауи қоймалар және өндірістік нысандармен интеграцияланған логистикалық орталық қызметін атқарады.

Мемлекет басшысы Түркістан өңірін еліміздің индустриялық қуатын арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өткені белгілі. Бүгінде көптеген инвесторлар жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытып отыр. Нәтижесінде, өңір экономикасына 185 млрд теңге инвестиция тартылып, 1 175 жұмыс орны ашылады. Бюджетке қосымша салық түседі (355 млн теңге). Бүгінгі таңда, 8 өндірістік ғимараттар мен ішкі инфрақұрылым жүйелерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Келесі жылы іске қосу жоспарлануда. Жалпы өнеркәсіп саласында биыл 107 млрд теңгеге 22 жоба іске асырылып, 2 443 жұмыс орны ашылды. Оның ішінде, маңызды ірі жобалар: - Созақ ауданында табиғи уран өңдеу кешені («Катко» ЖШС, құны 35 млрд теңге, 300 жұмыс орны); - Отырар ауданында 2 мақта өңдеу зауыты («Kazakhstan Lihua» ЖШС, құны 21 млрд теңге, 960 жұмыс орны); - Түлкібас ауданында RC Cola брендімен түрлі түсті сусын шығаратын зауыт («Beibars Bottlers» ЖШС, құны 9 млрд теңге, 96 жұмыс орны); - Сайрам ауданында заманауи ет комбинаты («KazEcoMeat» ЖШС, құны 8,5 млрд теңге, 150 жұмыс орны); - Ордабасы ауданында алюминий бұйымдарын шығаратын зауыт («Central Asia Aluminium» ЖШС, құны 8 млрд теңге, 150 жұмыс орны). Жыл соңында 103,5 млрд теңгеге қосымша 8 өнеркәсіп жобаларын іске қосу жоспарланған.

Отандық өндірісті дамыту және қайта өңдеуді қолдау мақсатында 100 гектар аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 152 ғимарат салып, 6 040 жұмыс орнын құру жоспарланған (308 млрд тг). Жобаның І-кезеңінде 40 ғимарат салынып, 32 жоба қосылды. 1 220 жұмыс орны ашылды. Нәтижесінде, бюджеттің 1 теңгесіне 8,5 теңге жеке инвестиция тартылды. Парк аумағында жиһаз, жаңбырлатып суғару, сусын, мұздатқыш және құрылыс заттарын шығаратын өндірістер ашылды. Отандық өндірісті дамыту есебінен 27 млрд теңгеге импорттық тауарларды алмастыруға қол жеткізілді. Алдағы уақытта бейнекамера, медициналық жиhаз, тұрмыстық химиялық бұйымдармен елімізді қамтамасыз етуге және экспортқа шығаруға мүмкіндік болады.

Шағын өндірістік алаңдарды дамыту үшін жергілікті кәсіпкерлерді белсенді атсалысуда. Ақпараттандыру-түсіндірме жұмыстарын «Кәсіпкерлікті қолдау орталығы» арқылы ұйымдастырылды. Нәтижесінде, Сауран ауданында жеке инвестиция есебінен 55 гектар аумақта 5 шағын өндірістік алаңдар құрылды. 30 млрд теңгеге 115 жобаны іске асырып, 1 124 жұмыс орнын құру жоспарланған. Бүгінгі таңда, «Қарашық», «Иассы», «Шорнақ», «Үшқайық» және «Жүйнек» өндірістік алаңдарында 37 ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Ордабасы ауданында аумағы 10,5 гектар «Темірлан» өндірістік алаңында 5 ғимарат салынуда. Инвестиция көлемі 10,4 млрд теңге. 100 жұмыс орны құрылады. Жобаның мультипликативтік тиімділігін ескере отырып, барлық аудандарда осы тәжірибені ендіру жұмыстары басталды.

Облыс бойынша жалпы 21 шағын өндірістік алаңдар құрылды. Аумағы 259,3 гектар. Негізгі бағыттар ретінде: құрылыс материалдары, жиһаз, пластик және резеңке, химия өнімдері өндірістері мен жеңіл өнеркәсіп айқындалды. Бүгінгі таңда, 192 ғимараттың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Келесі жылы аяқтап, іске қосу көзделген. Нәтижесінде, өңір экономикасына қосымша 87,3 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда.  Салада атқарған жұмыстар өз нәтижесін көрсетуде. Осы жылдың 10 айында өнеркәсіп өнім көлемі 1,3 трлн теңгені құрап, өсім деңгейі 113,4%-ды құрады. Өсім қарқыны бойынша Түркістан облысы республикада алғашқы бестікте.

Түркістан облысында индустриялық жобалар белсенді түрде жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта облыс аумағында жалпы 1 951,2 гектар жерді қамтитын 20 индустриалды аймақ құрылған. Осы аймақтарда жалпы құны 39,5 млрд теңгеге 50 инвестициялық жоба іске қосылып, нәтижесінде 2 609 жаңа жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар алдағы уақытта жалпы құны 90,8 млрд теңгеге 47 жаңа инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, бұл 3 212 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Оның ішінде 2025 жылы индустриялық аймақтарда 14 жоба іске қосу жоспарланған болатын. Бүгінгі күні олардың 4 жобасы жүзеге асырылып, қалған 10 жоба жыл соңына дейін іске қосылуы күтілуде.

Өңірді инвестициялық жобалармен толтыру мақсатында, әкімдік 8 дайын өндіріс ғимараттарын салу жұмыстарын жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда 2025 жылдың 10 қараша айының мәліметі бойынша құрылыс жұмыстары 8 дайын өндірістік ғимараттардың 5 ғимараттың құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, 3 ғимараттың сэндвич-панельдерді монтаждау жұмыстары қараша айының соңында толық аяқталуы жоспарлануда.

Түркістан облысына төмендегі инвесторлар қызығушылық танытуда:

1. «Liһe Group» Hanya International Economic and Trade (Hubei Co., Ltd.) Индустриалдыпаркқұрылысы, жобақұны: 123 млрдтеңге, 800 жұмысорны (құрылысжұмыстарыбасталған);

2. «Onelee» Food Technology ЖШСДәнді-дақылөнімдерінқайтаөңдеужобасы, жобақұны: 47,3 млрдтеңге, 100 жұмысорны;

3. «FOOD WASTE» Органикалыққалдықтардықайтаөңдеузауыты, жобақұны 2,8 млрдтеңге, 30 жұмысорны;

4. «Масложировойзавод» ЖШСөсімдікмайынөндіружобасы, жобақұны 2,0 млрдтеңге, 50 жұмысорны;

5. «Tabys Silkway» ЖШС (ӨР) ПВХөнімдерінөндіружобасы, жобақұны 1,5 млрдтеңге, 10 жұмысорны;

6. «Мақтаарал Xingfeng Technology» ЖШСМақтаөңдеузауыты, майзауытыжәнетамшылатыпсуаружүйелеріөнімдерінөндіру, жобақұны: 5,8 млрдтеңге, 150 жұмысорны (құрылысжұмыстарыбасталған);

7. «Taza Agro Onimderi» ЖШС (ҚР) Күрішөнімдерінөңдеузауыты, жобақұны 0,5 млрдтеңге, 45 жұмысорны;

Өңірэкономикасынаинвестициятарту мәселесіне келер болсақ, мемлекетбасшысыбиылғыЖолдауындаинвестициятартужүйесінжаңғыртудытапсырғанболатын. Жалпыоблыстақолайлыинвестициялықклиматқалыптасқан.Бұлсыртқыэкономикалықбайланыстыдамытудыңнәтижесідепбілемін. Әрбіринвесторларүшінарнайыэкономикалықжәнеиндустриалдықаймақтардадайыналаңшаларжоспарланған.Мемлекеттарапынанқажеттіинфрақұрылымменқамтамасызетіледі. Сондай-ақсалықтықжеңілдіктерқарастырылған. Облысэкономикасыныңдамуынатыңсерпінберетін 2,6 трлн.теңгеге 111 инвестициялықжобапулықалыптасты. Өңдеу, энергетикажәнеауылшаруашылығынтереңқайтаөңдеунегізгібасымдықтарболыпайқындалды. Жобалардыіскеасырунәтижесінде 24 мыңдайжұмысорындарыашылып, бюджеткеқосымша 100 млрдтеңгесалықтүседі. Биыл 340 млрдтеңгеге 58 жобаныіскеасырып, 8 220 жұмысорнынашужоспарланған. 10 айда 41 жобаіскеқосылып, 5 322 жұмысорныашылды. Аталғанбағыттаатқарылғанжұмыстардыңнәтижесінде 10 айдаөңірэкономикасына 1,2 трлнтеңгеинвестициятартылып, өсім 124,2%-дықұрады.Өңір экономикасына инвестиция тарту Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Инвестициялық саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы негізінде бекітілген көрсеткіштердің орындалуы арқылы жүргізіледі. Сондай-ақоблыскөлеміндефорумдарменіс-шаралардыұйымдастыруарқылысырттанкелгенинвесторларменбауырластықжәнеынтымақтастықтыдамытуарқылыбірлескенжобалардыңжүзегеасырылуыарқасындаинвестициятартужұмыстарыбелсендітүрдежүргізіледі

Түркістаноблысынабиылғанегізгікапиталғасалынғанинвестицияиндикаторы 1427,1 млрдтеңгекөлеміндебекітілсе, 10 айының (қаңтарқазанайлары) қорытындысымен 1178,4 млрдтеңгенегізгікапиталғасалынғанинвестицияларқұрады. Өткенжылғытиістікезеңіменсалыстырғанда 124,2%-ғаорындалды. Бекітілгенжылдықжоспарорындаладыдепкүтілуде. Соныменқатароблысқа 2025 жылғатікелейшетелдікинвестициякөлемі $475 млнкөлеміндебекітілсе, II тоқсанқорытындысымен $543,5 млн-дықұрады. Жылдықжоспарартығыменорындалды. Оданбөлек, 2025 жылдыңқорытындысыменқұны 340,0 млрдтеңгеқұрайтын 8270 жаңажұмысорнынашумен 58 инвестициялықжобаіскеасыружоспарлануда. Бүгінгікүнгеқұны 180,5 млрдтеңгеқұрайтын, 5322 жаңажұмысорнымен 41 инвестициялықжобажүзегеасырылды.

 Облысташағынжәнеортакәсіпкерліксаласында 215 мыңнанастамбизнессубъектісіжұмысжасайды, саныбойыншаАлматыжәнеАстанақалаларынанкейін 3 орында. Кәсіпкерлердіңсаныжылбасынан 6 674 бірліккеартып, бүгінгітаңға 215 406 бірліктіқұрапотыр. Олардыңішінде 97 субъектортабизнессанатындажұмысжасаса, қалғандарышағынбизнессубъектілеріболыптабылады. Жалпысаны – 215 406 бірлік. Заңдытұлға – 14 606; жекекәсіпкерлер – 121 953; шаруалар – 78 847.Соныменқатаркәсіпкерлердіңіскерлікбелсенділігісенімдіөсімкөрсетуде. Шағынжәнеортабизнеспенөндірілгенөнімкөлеміөткенжылдыңсәйкескезеңіменсалыстырғанда 446,8 млрдтеңгегеартып, 1 363,0 млрдтеңгеніқұрады (2025 ж. II тоқсанына). Жылсоңынадейінөнімкөлемін 2,8 трлнтеңгегежеткізужоспарда.Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша негізгі 4 бағыт арқылы жұмыстар атқарылуда. Атапайтқанда:

1. Шағынжәнеортакәсіпкерліксаласындабизнесжобалардыжүзегеасыру;

2. Шағын және орта бизнесті қаржылай қолдау;

3. Индустриялды аймақтарды дамыту;

4. Өндірістік парктерді дамыту;

1. 5 млн-нан 500 млн теңгеге дейінге шағын және орта жобаларға сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде.

Жыл басында сүйемелдеуге алынған 343 жобаның қазіргі таңда 234-і іске қосылды. Олардың жалпы құны 39,8 млрд болатын 2 310 жұмыс орны ашылды. Қалған жобалардың жыл соңына дейін толық іске қосылуын қамтамасыз ету бойынша барлық тиісті сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде.

2. Шағын және орта бизнесті қолдаудағы маңызды инструмент – қаржылай қолдау шаралары.

Бірыңғай кешенді бағдарлама аясында биыл 181 жобаға жалпы 22,8 млрд теңге қаржы берілді. Түркістан облысы кәсіпкерлерді осы бағдарламаға қатыстыру көрсеткіші бойынша облыстар арасында үздік бестіктің қатарында.

Бірыңғай кешенді бағдарламадан бөлек, осы жылдың шілде айында кәсіпкерлер үшін «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылды. Кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген несиелер 7 млрд теңгеге дейін, 12,6%-бен 10 жыл мерзімге дейін беріледі. Бұл Бағдарламада пайыздық мөлшерлемені субсидиялау көзделмеген, тікелей жеңілдетілген несие ретінде ұсынылады. Яғни, бюджеттен пайыздық ставканы субсидиялауға қаржыны қажет етпейді.

3. Шағын және орта бизнесті дамыту жолында – индустриялды аймақтар маңызды қолдау. Облыс көлемінде 20 индустриялды аймақ құрылған.

4. Өндірісті дамыту жолында шағын өндірістік парктер үлкен қызмет атқарады. Бүгінгі таңда, Сауран ауданында жеке кәсіпкерлер өз қаражаты есебінен ауыл округтерде 148 өндірістік ғимараттарды құруда.

Сауран ауданы әкімдігі, қажетті жер телімдерін үйлестіріп, инфрақұрылыммен қамтамасыз етіп отыр. Облыс басшысымен Сауран ауданы тәжірбиесін пайдалана отырып, барлық аудан және қала аумағында кемінде 5 өндірістік ғимараттарды құру тапсырылды. Өндірістік парктерді іске асырудың алгоритмі, эскиздік жобалары, жер телімдерін қарастыру мәселелері бойынша әкімдіктерге толық ақпарат ұсынылды. Бүгінгі таңда барлық аудан, қала әкімдіктерінде 5  өндірістік ғимараттардың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қазандағы № 868 қаулысына сәйкес, биыл облыстың негізгі капиталға салынған инвестиция индикаторы 1 427,1 млрд теңге көлемінде бекітілсе, 2025 жылдың 10 айының (қаңтар – тамыз айлары) қорытындысымен 1 трлн 178,0 млрд теңге негізгі капиталға салынған инвестициялар құрады. Өткен жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 124,2%-ға орындалған. Сонымен қатар облысқа тікелей шетелдік инвестиция индикаторы бойынша 2025 жылға $475 млн көлемінде бекітілсе, II тоқсан қорытындысымен $543,5 млн-ды құраған. Облыста 2025-2028 жылдар аралығында жүзеге асырылатын жалпы құны 2,6 трлн теңгеге 25 316 жұмыс орнын құру арқылы 120 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылған.

Салалар бойынша:

1. Өнеркәсіп – 73 жоба,

2. Агроөнеркәсіп – 21 жоба, 

3. Энергетика – 7 жоба, 

4. Туризм – 5 жоба,

5. Басқа – 14 жоба.

Оның ішінде, 2025 жылы жалпы құны 338,2 млрд теңгеге 8 220 жұмыс орнын құрумен 58 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Қазіргі уақытта жалпы құны 180,5 млрд теңгеге 5 322 жұмыс орнын құрумен 41 инвестициялық жоба іске қосылды. Оның ішінде ірілерін атап айтсақ.

1. «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» бірлескен кәсіпорны» ЖШС (Арыс қаласы) 32 мың гектар алқапта мақта өсіру (инвестиция құны 48,3 млрд теңге);

2. «Қазақстандық-Француздық «Катко» БК» ЖШС (Созақ ауданы) Табиғи уранды өңдеу кешенінің құрылысы (инвестиция құны 33,5 млрд теңге);

3. «CENTRAL ASIA ALUMINIUM» ЖШС (Ордабасы ауданы) Алюминий бұйымдарын өндіру зауытының құрылысы (инвестиция құны 8,0 млрд теңге);

Жыл соңына дейін қалған 17 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.Оның ішінде ірі жобалар:

1. «Буденовское» ӨК» ЖШС (Созақ ауданы) Табиғи уранды өңдеу кешенінің құрылысы (инвестиция құны 69,7 млрд теңге);

2. «Ecoculture-Eurasia» ЖШС (Келес ауданы) 51 гектар жылыжай кешенінің құрылысы (І-кезең) (инвестиция құны 42,0 млрд теңге);

3. «Казкрахмал» ЖШС (Шардара ауданы) Жүгеріні терең өңдеу зауытының құрылысы (І-кезең) (инвестиция құны 14,0 млрд теңге);

Осымен қоса, облыста жалпы құны 2,1 трлн теңгеге ТОП-20 ірі инвестициялық жобалардың тізбесі жасақталған.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 101 рет