Сондай-ақ, шаруа қожалықтарында техника жаңарып, су үнемдеу технологиялары кеңінен енгізіліп жатқанын айтты. Алдағы жылдың егіс жұмыстары жоспарға сай жүріп жатқанын, күздік бидай егу толық орындалғанын жеткізді. Көпшілікті Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, барша қауымға амандық пен береке тіледі. Іс-шара мерекелік ән шашуға жалғасып, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасына сәйкес, ауданның ауыл шаруашылығы саласы тұрақты дамуда. Экономиканың 80 пайызын құрайтын бұл саланың жалпы өнім көлемі биыл 64,9 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 101,3% болды. Өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,6 млрд теңгеге артты. Агроөнеркәсіп кешеніне 23 млрд теңге инвестиция тартылып, оның 10 млрд теңгеден астамы «Казкрахмал» ЖШС жүгері өңдеу зауытының құрылысына бағытталды. Егіс алқаптарында ағын суды үнемдеу бойынша 5,0 мың гектардан астам жерге жаңа тамшылатып суару технологиясы енгізілді, бұл өз кезегінде су шығынын азайтып, өнімділікті арттырды. Мал шаруашылығы саласында 5 жаңа бордақылау алаңы іске қосылып, жалпы саны 45-ке жеткен.
Жалпы, Түркістан облысындағы аудандардың ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктері көңіл қуантарлық. Бұл туралы таяуда ғана Түркістан қаласында Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні құрметіне орай өткен «AGROFEST TÚRKISTAN – 2025» мерекелік іс-шарасында көзіміз жеткен болатын. Аталмыш іс-шарада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өңір диқандарының 300 тоннадан астам өнімі ұсынылған еді. Одан бөлек, қайта өңдеу кәсіпорындарының көрмесі мен «Ауыл аманаты» арқылы жүзеге асқан жобалар мен өнімдер таныстырылды. Көрмеге өңірімізде өндірілетін табиғи өнімдер қойылғанын айта кеткен жөн. Сол салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтағаны белгілі.
Ол өз сөзінде: – Дәстүрлі «AGROFEST TÚRKISTAN – 2025» салтанатты мерекесі еңбек адамдарына құрмет көрсетіп, оны дәріптеуге арналады. Күні кеше өткен ауыл әкімдерінің форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ауылды дамыту мәселесіне кезекті рет тоқталды. Бұл ретте ауыл шаруашылығы саласының маңызы айрықша. Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында облысымыз ауыл шаруашылығы саласында жылды жоғарғы деңгейде қорытындылап отыр. Ауыл шаруашылығы бойынша республикадағы жалпы өнім көлемінің 13 %-ы біздің облысқа тиесілі. Осы жылдың 10 айында бұл салада 1,1 трлн. теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 183 млрд. теңгеге немесе 21 пайызға өскен. Ауыл шаруашылығы мен тамақ өндірісінің негізгі капиталына инвестиция тартуда көш басында келеміз. Мақтаның нарықтық бағасы экспортқа тәуелді және жыл сайын өзекті мәселе болып отырғандығына байланысты, біз мақта-тоқыма кластерін құру жобасының алғашқы кезеңін бастадық. Алдағы 5 жылдықта дайын өнім шығаратын отандық толық циклді кәсіпорындарды құру есебінен, мақта бағасына экспорттық тәуелділікті жоямыз. Бүгінгі таңда шаруаларымыз еліміздің өсіп-өркендеуіне және өңіріміздің әл-ауқатын көтеруге үлкен үлес қосуда. Облыстың аграрлық саласын жаңа бағытта дамытуға өздеріңізбен бірге қол жеткіземіз деп сенемін. Біз өңіріміздің экономикасын көтеру жолында бірлесіп, еңбек етуіміз қажет. Сіздерді бүгінгі мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! – деген-ді.
Мерекелік жиында облыс әкімі Нұралхан Көшеров ауыл шаруашылығы саласында аянбай еңбек етіп жүрген бір топ азаматқа ҚР Президентінің «Еңбек даңқы» орденін, «Құрмет» орденін, «Ерен еңбегі үшін» медалін, облыс әкімінің дипломын табыстады. Сонымен қатар бірқатар еңбек адамы ҚР Премьер-министрдің Алғыс хатымен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен және «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Одан бөлек, облыстың аграрлық саласының дамуына белсенді үлес қосып келе жатқан озат жұмысшы мамандарға құрмет көрсетілді.
Айта кетейік, Түркістан облысында биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 907 мың гектарға егіліп, өткен жылдан 34 мыңға гектарға ұлғайып отыр. Сондай-ақ өңірде су үнемдеу технологиялары жаңадан 59 мың гектар алқапқа енгізіліп, жалпы көлемі 114 мың гектарды құрады. Одан бөлек, мақта дақылы жаңа әдіспен 52 мың гектар алқапқа егіліп, өнімділік екі есеге артты. Өңірде мақта-тоқыма кластерін құру жобасы қолға алынып, құны 201 млрд теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылмақ. Нәтижесінде мақта өнімділігін 3 есеге дейін арттырып, 7 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделуде. Бүгінгі таңда жылыжайлардан 150 мың тоннадан астам көкөніс өнімі жиналды. Бұл бойынша Түркістан облысының республикадағы үлесі 76 пайызға жетіп отыр.
Ал, мал шаруашылығының дамуы, ет экспорты бойынша Түркістан облысы республикада жетекші орында. Республикада экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80 пайызы, қой етінің 75 пайызы облыстың еншісінде. 2025 жылдың 10 айына 27,2 мың тонна ірі қара мал еті, 20 мың тонна қой еті экспортқа бағытталды. Ет кластерін дамыту бағытында құны 48,9 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Нәтижесінде жылына қосымша 35 мың тонна ет өндіріліп, ет экспортының көлемі 2 есеге ұлғаймақ.Саланы әртараптандыру бағытында басымдық қайта өңдеу саласына берілді. Осы орайда, 3 кластерлік бағытты дамытуды қолға алынды. (мақта, жүгері, ет). Осы арқылы 2026 жылы жалпы өңірлік өнім көлемін қосымша 558 млрд.теңгеге ұлғайту күтілуде.
Облыстың агроөнеркәсіптік кешені саласында 2025-2027 жылдарға инвестициялық жобаларды іске асырудың Жол картасы бекітіліп, құны 295,5 млрд теңгеге 78 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Сонымен қатар биыл 10 айда өңірдегі ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 155,6 млрд теңге инвестиция тартылып, 1,1 есеге ұлғайды. Ал тамақ өндірісінің негізгі капиталына 31,5 млрд теңге инвестиция тартылып 1,3 есеге өсті. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 355,5 млн АҚШ долларын құрап, 1,1 есеге артты. Жалпы өнім көлемі 182,5 млрд теңгеге ұлғайып, 1 трлн 86,9 млрд теңгегі құрады. Өңір республикада алғашқы орында. Жыл қорытындысымен жалпы өнім көлемі 1 трлн 207 млрд теңгеге, нақты көлем индексі 105 %-ға жеткізілмек.
Түркістан облысының агроөнеркәсіп кешені – жалпы өңірлік өнімнің 20%-ын құрайтын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының драйвері. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 907 мың гектарға орналастырылып, өткен жылдан 34 мың гектарға артты. Егіс құрылымына сәйкес: - дәнді дақылдар көлемі 10 мың гектарға артып, 342 мың гектарға; - майлы дақылдар 2 мың гектарға артып, 73 мың гектарға; - мақта 38 мың гектарға артып, 145 мың гектарға орналастырылды. - көкөніс, бақша алқаптары өткен жылғы деңгейде сақталып, 118 мың гектарды, мал азықтық дақылдар 230 мың гектарды құрады. Дала жұмыстарына жанар-жағар май босату, кредиттік ресурстар, минералды тыңайтқыштар, тұқым бөлу шаралары мерзімінде жүргізілді. Нәтижесінде, 695 мың тонна дәнді дақыл, 54 мың тонна майлы дақыл, 1,5 миллион тонна көкөніс пен картоп, 1,7 миллион тонна бақша өнімі, 5 млн тонна мал азықтық дақыл және 428 мың тонна мақта жиналды.
Өсімдік шаруашылығының әлеуетін арттыру мақсатында озық технологияларды енгізу бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Су үнемдеу технологиялары жаңадан 59 мың гектар алқапқа енгізіліп, жалпы көлемі 114 мың гектарды құрады. Тамшылатып суару технологиясының тиімділігі: Су шығыны 30–50%-ға дейін аз жұмсалады. Тыңайтқыштарды сумен беру арқылы өнімділік 20–30%-ға артады. Мақта дақылы жаңа әдіспен 52 мың гектар алқапта егіліп, өнімділік екі есеге артты (50-60 ц/га). Дәстүрлі егісте бір гектарға 5 мың м3 су пайдаланылса, жаңа технология арқылы ағын су 2 есе аз жұмсалды. Сонымен қатар күріш дақылы елімізде пилоттық негізде алғашқы рет тамшылатып суару технологиясымен егілді. Қарапайым әдіспен гектарына ағын су 34,0 мың м3 дейін пайдаланылса, технология есебінен ағын су 3,5 есе аз пайдаланылды (8-10 мың м3). Нәтижесінде өнімділік 1,3 есе артып 65 центнерден өнім жиналды (Лазер сорты). Cу үнемдеу технологиялары өндірісін дамыту, қол жетімділігін арттыру мақсатында қуаттылығы 73,0 мың гектар алқапты қамтитын 3 кәсіпорын іске қосылды.Бұдан бөлек, қуаттылығы 67 мың гектарды қамтитын 3 кәсіпорын іске асырылады. Алдағы уақытта осы кәсіпорындар есебінен су үнемдеу технологиясымен облыспен қатар, көршілес өңірлердің қажеттілігі қамтамасыз етілетін болады.
Мақта өніміне экспорттық тәуелділікті жою, дайын өнім секторына кешенді өту бақытында өңірде мақта-тоқыма кластерін құру жобасы басталды. Бұл бағытта, құны 201 млрд теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылады. Нәтижесінде, мақта өнімділігі 3 есеге дейін артады, 7 мыңнан астам жұмыс орны құру көзделуде. Бірінші кезеңде, «Turan» арнайы экономикалық аймағында «Түркістан мақта агроөнеркәсіп кешені» ЖШС мақтаны терең өңдеу және дайын өнімді экспорттау бойынша көпсалалы нысанның құрылысы басталды. Жоба құны 146,8 млрд теңге. Толық циклді мақта өңдеуден, тоқыма, иіру, мата өндіру, бояу, өңдеу бойынша 4 зауыт салынады. Болашақта отандық дайын тоқыма өнімдері брендтерде ішкі және сыртқа нарықтарға шығарылатын болады. Облыста жылыжай шаруашылығы қарқынды дамуда. Жылыжайлардың жалпы көлемі 75 гектарға ұлғайып, бүгінде 1 715 гектарды құрады. Түркістан облысының республикадағы үлесі 76%-ға жетті. Бүгінгі күнге, жылыжайлардан 150 мың тоннадан астам көкөніс өнімі жиналды.Жылыжай шаруашылықтары соңғы жылдарда субтропикалық банан, лимон және табыстылығы жоғары құлпынай өнімдерін жылыжайларда өсіру технологиясын үйреніп, кеңінен қолдануға көшті. Биылғы жылы жылыжай шаруашылықтарынан 550 тонна банан, 3,2 мың тонна лимон, 13 мың тонна құлпынай өндірілді.
Агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойған міндеттерін орындау суармалы жерлерді тиімді пайдалануға тікелей байланысты. Республикадағы суармалы жерлердің 4/1 бөлігі облысқа тиеселі (554 мың гектар). Мемлекет басшысының жаңа бөгеттер салу және су қоймалары құрылыстарын жүргізу тапсырмасы сәйкес, көктемгі тасқын суларды ұстап, суару маусымына тиімді пайдалану үшін, Бәйдібек ауданында «Бәйдібек ата» су қоймасы жобасының құрылысы жүргізілуде (68 млн м3, жоба құны 15,9 млрд теңге), және Ордабасы ауданында «Боралдай», «Иқан су» су қоймаларын салу жобалары әзірленуде. Аталған жобалар толық іске асқан жағдайда Түркістан өңіріне 120 млн метр куб ағын су қосымша жеткізіліп, кепілді ағын сумен қамтамасыз етілетін болады. Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен 5,4 млрд теңге қаржы қаралып 13 су нысандарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар су нысандарын «Ислам даму банкі» қаржысын тарту есебінен қалпына келтіруде кешенді шаралар қабылдануда.
Жалпы 25 су қойма, 1 су реттегіш, 269 каналдарды (4265,4 шақырым) күрделі жөндеуден өткізу нәтижесінде су нысандарының тозу көрсеткіші 76%-дан 50%-ға төмендейді. Нәтижесінде, 400 мың гектар суармалы жерлерге су жеткізу қабілеттілігі артып, жыл сайын қосымша 200 млрд теңгенің өнімі өндіріледі. Жергілікті отандық өндірісті дамыту бағытында «Тұран су» кәсіпорны жанынан «Суару жүйелеріне арналған параболалық лотоктар шығару өндірісі» іске қосылды (Қуаттылығы тәулігіне 45 дана). Жаңадан 20 тұрақты жұмыс орны құрылды. Бұл өз нәтижесінде, каналдарды жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп, су шығынын 40%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретін болады.
Мал шаруашылығының дамуы бойынша облыс республикада жетекші орында. Республикадағы ірі қара малдың 14% (1109,4 мың бас), ұсақ малдың 22% (4825,6 мың бас), жылқының 11% (486,9 мың бас), түйенің 14% (43,4 мың бас) облыстың үлесінде. Мал шаруашылығының тұрақты дамуы өңірде ет экспортының әлеуетін арттыруға қарқынды серпін берді. Республикада экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80%, қой етінің 75% облыстың еншісінде. Осы жылдың 10 айына 27,2 мың тонна ірі қара мал еті, 20,0 мың тонна қой еті экспортқа бағытталды. Ет кластерін дамыту бағытында құны 48,9 млрд теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобалар жүзеге асырылуды. Нәтижесінде жылына қосымша 35 мың тонна ет өндіріліп, ет экспортының көлемі 2 есеге ұлғаятын болады.
Отандық нарықты азық-түлік өнімдерімен толықтыруда ірі инвестициялық жобалардың маңыздылығы жоғары. Бұл бағытта, облыстың агроөнеркәсіптік кешені саласында 2025–2027 жылдарға инвестициялық жобаларды іске асырудың Жол картасы бекітілді. Жол карта аясында жалпы құны 295,5 млрд теңгеге 78 инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған (2 652 жұмыс орны, оның ішінде 833 тұрақты, 1819 уақытша). Биыл құны 116,3 млрд теңгеге 31 жоба жүзеге асыру көзделіп, бүгінгі күнге құны 60,8 млрд теңгеге 27 жоба іске асырылып, 1030 жаңа жұмыс орындары құрылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде агроөнеркәсіп кешенінде экономикалық өсім қамтамасыз етілді. Тиісті кезеңмен салыстырғанда, 10 айда: Ауыл шаруашылығы негізгі капиталына 155,6 млрд теңге инвестиция тартылып 1,1 есе ұлғайды (112,4%); Тамақ өндірісінің негізгі капиталына 31,5 млрд теңге инвестиция тартылып 1,3 есе ұлғайды (130,6%); Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты $355,5 млн-ды құрап, 1,1 есеге артты (110,4%). Жалпы өнім көлемі 182,5 млрд теңгеге ұлғайып 1 трлн 86,9 млрд-ты құрады, үлесі Республика алғашқы орында. Жыл қорытындысымен жалпы өнім көлемі 1 трлн 207 млрд теңгеге, нақты көлем индексі 105% жеткізіледі.
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылдан 907 мың гектарға орналастырылды. Соңғы үш-жылда, тамшылатып суару және жаңбырлатып суару технологияларының енгізілуі есебінен егіс көлемі 43,4 мың гектарға ұлғайтуға қол жеткізіліп отыр. Дала жұмыстарына жанар-жағар май босату, кредиттік ресурстар, минералды тыңайтқыштар бөлу шаралары мерзімінде жүргізілді. Дала және жиын терім жұмыстарына 93,3 мың тонна жанаржағармай бөлінді, өткен жылдан 2 есе артты. Көктемгі дала жұмыстарына бөлінген 55,3 мың тонна жанар-жағар май толық сатып алынып, 41,7 мың тонна (3032 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші) босатылды, күзгі дала жұмыстарына 38 мың тонна жанар-жағар май толық сатып алынып, бүгінгі күнге 12,4 мың тонна (1768 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші) босатылды. Мемлекет басшысының минералды тыңайтқыштарды ғылыми негізде енгізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға бюджеттен 12,2 млрд теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде, 781 мың гектар егіс алқаптарына 227,1 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізілді, жоспар 120,0% орындалды (Жоспар 190 мың тонна).
Жалпы 3 жылда егіс алқаптарына тыңайтыштар енгізу көлемі 2 есе артып отыр. Дала жұмыстарын несиелендіру бойынша облыста «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Оңтүстік» АИО» ЖШС, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС жұмыс жүргізуде. Осы жылдың 10 айына 2 329 жобаға 26,4 млрд теңге қаржы бөлініп, өткен жылдан 1,6 есе артты. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 5,8 млрд теңге (262 жоба); «Оңтүстік АИО» ЖШС, «Ырыс» МҚҰ»ЖШС арқылы 12,7 млрд теңге (1704 жоба); «Түркістан» ӘКК» АҚ арқылы 8,0 млрд теңге (363 жоба). Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру жұмыстары жалғасуда. Ауыл шаруашылығы техникалар паркін жаңалау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Бүгінгі таңда, қолданыста 25 мың бірлік техникалар бар. Оның ішінде, 16 мың трактор, 1,8 мың комбайн және 11,6 дана қосалқы агрегаттар бар.
Бүгінгі күнге, тауар өндірушілер 1 531 дана жаңадан техникалар сатып алды. Техникалар паркін жаңалау 8,8%-ды құрады. Жыл соңына дейін 10%-ға дейін жаңалау қамтамасыз етілетін болады. Өзіңіздің қолдауыңызбен, биыл «Оңтүстік» АИО» ЖШС-гі арқылы 470,0 млн теңге қаржы бөлініп, Жетісай ауданында «Мақталы Жер» ЖШС МТС-і құрылды. Серіктестіктің жалпы 87 бірлік техникалары бар (Несие қаржы есебінен 37 бірлік сатып алынды.
2025 жылғы қаңтар-маусымдағы өндірілген жалпы өңірлік өнім көлемі 2 056,3 млрд теңгені құрады. Алдын ала есеп бойынша 10 айда өндірілген өңім көлемі 4 387,8 млрд теңгеге жетіп, қысқа мерзімді экономикалық өсім 114,8%-ды құрады (2 орын). Биылғы қаңтар-қазан аралығында өңдеу өнеркәсібі саласында 593,2 млрд теңгеге өнім өндіріліп, 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі – 111,2% құрады. 10 ай қоырытындысымен Қазақстан Республикасы өңірлері арасында өсім бойынша 5 орын. Жалпы өнеркәсіп өнімінің 47,2% үлесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі. Облыс аумағында 350 аса өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары белсенді жұмыс жасайды. Өңдеу өнеркәсібі саласында 15,6 мың адам жұмыспен қамтылған.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат