Дүйсенбі, 15 Желтоқсан 2025 21:38

Түркістан облысында балық шаруашылықтарының саны 209-ға жетіп отыр

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков аудан-қала әкімдерінің орынбасарларымен өткізген мәжілісінде жетекшілік ететін салаларының басшыларымен бірге орындаушылық тәртіпті талдап, тапсырмалардың көрсеткішін таразылады.

Түркістан облысында 9 ауданда қатты тұрмыстық қалдық тастайтын полигон орындарын оңтайландыру үшін тиісті құжаттары рәсімделуі қажет. 13 ауданда су қорғау аймақтары мен белдеулерін Су кодексі талаптарына сәйкестендіру жұмысы жалғасады. Барлық ауданда елді мекендердегі ағаштардың есебі алынып, жыл соңына дейін геопорталға енгізіліп аяқталуы тиіс. Сонымен қатар аудандар дендрологиялық жоспардың орындалуы үшін статистикалық органдарға шаруашылықтардың балық өсіру есебін толық өткізуді қамтамасыз етуі керек.

2025 жылы балық өсірумен айналысатын 16 шаруашылық ашылып, осы бағыттағы жалпы шаруашылық саны 209-ға жеткен. Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұсынған мәліметіне сәйкес, бүгінге дейін өңірде өсірілген балық көлемі 7 мың тоннадан асқан. Дегенмен, көрсеткіш нақты болуы үшін, аудан-қалаларда есеп дұрыс тапсырылғаны жөн екені түсіндірілді. Облыс әкімінің орынбасары 2026 жылы облыс аумағында салынатын ветеринариялық нысандардың жерін белгілеу, құжаттарын рәсімдеу ісін жеделдетуді ескертті. Нысанның құрылысына қажеттілік жоқ деп танылған жағдайда, аудан-қалалардың жауаптыларына жыл соңына дейін хат жолдап, бас тарту шешімін негіздеуді жүктеді.

Балық шаруашылығы демекші, Қазақстан балық ресурстарына өте бай. Елдің экономикалық дамуында балық шаруашылығы ерекше рөл атқара алады. Соңғы уақытта бұл салада үлкен жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда Үкімет қабылдаған бастамалардың арқасында балық шаруашылығы айтарлықтай сәтті дамуда.  Түркістан облысы жасанды балық өсіру бойынша елімізде көш бастап тұр. Обылста тауарлы балық өсіруге жарамды 134 өзен — көл бар. Оның ішінде 88 жергілікті маңызы бар су айдыны балық шаруашылығы мақсатында табиғат пайдаланушыларға берілген. Қосымша 46 жергілікті маңызы бар су айдыны қайта конкурсқа қойылып, толығымен бекітілген болатын.

Түркістан облысы Келес ауданындауылдырық цехы іске қосылып, алғашқы өнім алынды. Соңғы уақытта Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Осы орайда Келес ауданында балық шаруашылығы өркендеп келеді. Мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау тетіктері аясында бұл салада бірқатар жобалар жүзеге асырылып, жаңа жұмыс орындары құрылуда және ауылдық жерлерде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық нығая түсуде.

Аталған бағыттағы жобалардың бірі – «БозСу Балық Шаруашылығы» жеке кәсіпкерлігі. Кәсіпкер Олжас Әбдіжаппарұлы басшылық ететін бұл жоба 4,8 гектар жер телімінде жүзеге асырылуда. Былтыр кәсіпкерлік нысаны 1 миллион амур шабағын су айдынына жіберіп, нәтижесінде 4 тонна балық өнімі алынды. Биыл шабақ саны 3 миллионға дейін ұлғайып, олардың 600 мың данасы сатылымға шығарылды. Қалған шабақтардан қосымша 10 тонна балық өнімі алу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, инкубаторлық цех іске қосылып, алғашқы кезеңде 20 келі уылдырық өндірілді. Келесі жылы бұл көлемді 100 келіге дейін ұлғайту жоспарлануда. Кәсіпорында қазіргі таңда 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, қауіпсіз еңбек жағдайымен және тұрақты жалақымен қамтамасыз етілген. Ірі жобалардың қатарында «Көшім» шаруа қожалығы да бар. Жалпы аумағы 76,2 гектарды құрайтын шаруашылықты Райс Көшімұлы басқарады. Мұнда балық өсірумен қатар, балық өңдеу цехын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде. Қожалық жылына 32 тонна балық өндіріп, 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 

Ауданда балық шаруашылығымен қатар, өндірістік бағыттағы жобалар да қолға алынған. Соның бірі – «Керуен» өндірістік цехы. Гүлсім Абдурахманова жетекшілік ететін бұл жоба үй-тұрмыстық химия өнімдерін шығару бағытында жұмыс істейді. Бүгінгі таңда кәсіпорын жылына 700-800 тонна өнім шығарады. Цехта 15 адам жұмыспен қамтылған. Жалпы Келес ауданында мемлекеттік бағдарламалар аясында іске асырылып жатқан бұл жобалар ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, экономиканың әртараптандырылуына және тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға ықпал етуде.

Қазақстан өзінің бай және бірегей табиғатының арқасында балық шаруашылығының айтарлықтай қуатты қорына ие. Бұл бағытта  экспорттық әлеуеті де жоғары. Балық өнеркәсібінің негізгі түрлері — балық кәсіпшілігі (балық аулау), балықты көбейту (балық өсіру) және балық өңдеу. Қазақстан мұхит балығы мен теңіз өнімдерін импорттайды. Олар — майшабақ, скумбрия, асшаян, мидия және басқалары. Бұл өнімдер Норвегия, Ресей, Исландия, Қытай және Балтық елдерінен импортталады

Өз кезегінде, Қазақстан жыл сайын шамамен $60 млн сомасына 36 жақын және алыс шет елдерге 30 мың тонна балық өнімдерін экспорттайды. Балық шаруашылығын дамытудың оңтайлы тұсы мемлекет тарапынан акваөсіруге пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30 пайызын субсидиялау бағдарламасы оңды ықпалын тигізуде. Сарапшылар Түркістан облысындағы жасанды балық өсіру саласының жоғары әлеуетін атап өтті. Бұдан басқа, мемлекет тарапынан акваөсіруге пайдаланылатын азықты сатып алуға жұмсалатын шығындардың 30 пайызын субсидиялау бағдарламасы балық шаруашылығымен айналысып жүрген кәсіпкерлер үшін үлкен қолдау. 

2026 жылы су үнемдеу технологияларын ендіру бойынша жоспар түзілді. Жетісай және Мақтаарал аудандарында келесі жылы тамшылатып суғару желісінің 2 өндірісі іске қосылады деп күтілуде. Мәжіліс барысында технологияны ендіру тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар сараланып, жерді тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді қаржыландыру мәселесі қаралды. Сондай-ақ, келесі жылға жоспарланған 49 инвестициялық жобаны мерзімінен кешіктірмей іске қосу бойынша атқарылатын жұмыстардың орындалуы қатаң бақыланатыны, тоқсан сайын есеп алынатыны ескертілді.

Осы тұста айта кетсек, өсімдік шаруашылығының әлеуетін арттыру мақсатында озық технологияларды енгізу бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Су үнемдеу технологиялары жаңадан 59 мың гектар алқапқа енгізіліп, жалпы көлемі 114 мың гектарды құрады. Тамшылатып суару технологиясының тиімділігі: Су шығыны 30–50%-ға дейін аз жұмсалады. Тыңайтқыштарды сумен беру арқылы өнімділік 20–30%-ға артады. Мақта дақылы жаңа әдіспен 52 мың гектар алқапта егіліп, өнімділік екі есеге артты (50-60 ц/га). Дәстүрлі егісте бір гектарға 5 мың м3 су пайдаланылса, жаңа технология арқылы ағын су 2 есе аз жұмсалды.

Сонымен қатар күріш дақылы елімізде пилоттық негізде алғашқы рет тамшылатып суару технологиясымен егілді. Қарапайым әдіспен гектарына ағын су 34,0 мың м3 дейін пайдаланылса, технология есебінен ағын су 3,5 есе аз пайдаланылды (8-10 мың м3). Нәтижесінде өнімділік 1,3 есе артып 65 центнерден өнім жиналды (Лазер сорты). Cу үнемдеу технологиялары өндірісін дамыту, қол жетімділігін арттыру мақсатында қуаттылығы 73,0 мың гектар алқапты қамтитын 3 кәсіпорын іске қосылды. Бұдан бөлек, қуаттылығы 67 мың гектарды қамтитын 3 кәсіпорын іске асырылады. Алдағы уақытта осы кәсіпорындар есебінен су үнемдеу технологиясымен облыспен қатар, көршілес өңірлердің қажеттілігі қамтамасыз етілетін болады. 

Агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойған міндеттерін орындау суармалы жерлерді тиімді пайдалануға тікелей байланысты. Республикадағы суармалы жерлердің 4/1 бөлігі облысқа тиеселі (554 мың гектар). Мемлекет басшысының жаңа бөгеттер салу және су қоймалары құрылыстарын жүргізу тапсырмасы сәйкес, көктемгі тасқын суларды ұстап, суару маусымына тиімді пайдалану үшін, Бәйдібек ауданында «Бәйдібек ата» су қоймасы жобасының құрылысы жүргізілуде (68 млн м3, жоба құны 15,9 млрд теңге), және Ордабасы ауданында «Боралдай», «Иқан су» су қоймаларын салу жобалары әзірленуде. Аталған жобалар толық іске асқан жағдайда Түркістан өңіріне 120 млн метр куб ағын су қосымша жеткізіліп, кепілді ағын сумен қамтамасыз етілетін болады. Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен 5,4 млрд теңге қаржы қаралып 13 су нысандарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар су нысандарын «Ислам даму банкі» қаржысын тарту есебінен қалпына келтіруде кешенді шаралар қабылдануда.

Жалпы 25 су қойма, 1 су реттегіш, 269 каналдарды (4265,4 шақырым) күрделі жөндеуден өткізу нәтижесінде су нысандарының тозу көрсеткіші 76%-дан 50%-ға төмендейді. Нәтижесінде, 400 мың гектар суармалы жерлерге су жеткізу қабілеттілігі артып, жыл сайын қосымша 200 млрд теңгенің өнімі өндіріледі. Жергілікті отандық өндірісті дамыту бағытында «Тұран су» кәсіпорны жанынан «Суару жүйелеріне арналған параболалық лотоктар шығару өндірісі» іске қосылды (Қуаттылығы тәулігіне 45 дана). Жаңадан 20 тұрақты жұмыс орны құрылды. Бұл өз нәтижесінде, каналдарды жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп, су шығынын 40%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік беретін болады. 

Агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойған міндеттерін орындау суармалы жерлерді тиімді пайдалануға тікелей байланысты. Республикадағы суармалы жерлердің 4/1 бөлігі облысқа тиеселі. Мемлекет басшысының жаңа бөгеттер салу және су қоймалары құрылыстарын жүргізу тапсырмасы сәйкес, көктемгі тасқын суларды ұстап, суару маусымына тиімді пайдалану үшін, Бәйдібек ауданында «Бәйдібек ата» су қоймасы жобасының құрылысы жүргізілуде және Ордабасы ауданында «Боралдай», «Иқан су» су қоймаларын салу жобалары әзірленуде. Аталған жобалар толық іске асқан жағдайда Түркістан өңіріне 120 млн метр куб ағын су қосымша жеткізіліп, кепілді ағын сумен қамтамасыз етілетін болады. Бұдан бөлек, облыстық бюджеттен 5,4 млрд теңге қаржы қаралып 13 су нысандарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамыту – Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, толықтай су үнемдеу технологияларына көшу, шикізаттан бастап дайын өнімге дейінгі өндірісті жолға қою, қайта өңдеу саласын күшейту бағыттарында жүргізілуде. Осы мақсатта іске қосылған «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС – халықаралық стандарттарға сай, заманауи, су ресурсын үнемдейтін жаңа жобалардың бірі. Жоба шеңберінде Арыс пен Отырар аудандарында 32 мың гектарға элиталық мақта дақылы егілді. Мұндағы ең басты ерекшелік – тамшылатып суару әдісінің кеңінен қолданылуы. Мысалы, дәстүрлі тәсілде мақта алқабын суару үшін әр гектарға 12 400 текше метрге жуық су қажет болса, бұл жоба аясында әр гектарға бар болғаны 4 мың текше метр су жұмсалды. Нәтижесінде – су тұтыну мөлшері 3 есеге азайып, 42 миллион текше метр су үнемделді, ал өнімділік 2-3 есеге артты. Бұл – нақты әрі тексерілген дерек. Жаңа технологияның арқасында су ресурсы тиімді әрі үнемді пайдаланылып жатыр.

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдары өткен жылдан 907 мың гектарға орналастырылды. Соңғы үш-жылда, тамшылатып суару және жаңбырлатып суару технологияларының енгізілуі есебінен егіс көлемі 43,4 мың гектарға ұлғайтуға қол жеткізіліп отыр. Дала жұмыстарына жанар-жағар май босату, кредиттік ресурстар, минералды тыңайтқыштар бөлу шаралары мерзімінде жүргізілді. Дала және жиын терім жұмыстарына 93,3 мың тонна жанаржағармай бөлінді, өткен жылдан 2 есе артты. Көктемгі дала жұмыстарына бөлінген 55,3 мың тонна жанар-жағар май толық сатып алынып, 41,7 мың тонна (3032 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші) босатылды, күзгі дала жұмыстарына 38 мың тонна жанар-жағар май толық сатып алынып, бүгінгі күнге 12,4 мың тонна (1768 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші) босатылды. Мемлекет басшысының минералды тыңайтқыштарды ғылыми негізде енгізу жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 2025 жылға бюджеттен 12,2 млрд теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде, 781 мың гектар егіс алқаптарына 227,1 мың тонна минералды тыңайтқыштар енгізілді, жоспар 120,0% орындалды (Жоспар 190 мың тонна). 

Облыс аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аудан, қалаларда жасыл желектерді күтіп ұстау және тазалау іс-шаралары тұрақты түрде атқарылуда. Биыл облыс аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 7 263 тазалық іс-шара жоспары бекітіліп, бүгінгі таңға толық орындалды. Жыл басынан іс-шараға 1 млн-нан астам тұрғындар қатысып, 6 998 арнайы техника жұмылдырылып, көшелерде, қоғамдық орындарда, аулалар мен саябақтарда тазалау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 1 млн-нан астам көшет отырғызылып, 16 624 тонна қоқыс шығарылды.

Сондай-ақ насихаттау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бүгінгі таңға, бұқаралық ақпарат құралдарында 609 арнайы бейнероликтер, 175 телеканалдарда, 13 379 пабликтерде ақпараттар жарияланып, 101 дана билбордтар орнатылды. Бүгінгі күнге, «TazaQazBot» ақпараттық жүйесіне 3 423 өтінім түсіп, оның 3 420 өтінімі орындалып, 3 орындалу барысында. Сондай-ақ қоғамдық орындарда санитарлық талаптардың сақталуын бақылау мақсатында тиісті іс-шаралар жүргізілуде. Бүгінгі таңға, бұл бағытта санитарлық талаптарын сақтамаған тұлғаларға 27 137 хаттама толтырылып, жалпы 554,1 млн теңгеге айыппұл салынды (Өндірілген қаржы 317,9 млн теңге). Сонымен қатар 505 бап бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапынан 4 745 хаттама толтырылып, 41,9 млн теңгеге айыппұл салынған. Бұндай бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде түсіндіру және профилактикалық шаралар жүргізілуде.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 51 рет