Сәрсенбі, 26 Қараша 2025 19:34

Кентау қаласының әкімі инвестициялық форумда инвесторлармен кездесіп, шаһардың инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды

Күні кеше Түркістанда өткен инвестициялық форум аясында Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов бірнеше ірі инвесторлармен кездесіп, қаланың инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.

Әсіресе, Қытай Халық Республикасының Хайнань аймағында тіркелген Hainan Eight Star International Investment Co., Ltd. компаниясы Кентау қаласына инвестиция салуға қызығушылық білдірді. Аталған компания Қытайдан АСЕАН, ТМД, ШЫҰ және Ғаламдық Оңтүстік елдеріне жоғары технологиялық өнім экспорттау, сондай-ақ осы елдерден Қытайға импорттық тауар жеткізу бағытымен айналысады. Бұған қоса, трансшекаралық сауда операцияларын қаржыландыру және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарады.

Айта кетейік, Кентау қаласындағы Индустриалды аймақ пен арнайы экономикалық аймақта инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалған, инфрақұрылым толық дайындалған және бизнес жүргізуге кең мүмкіндіктер қарастырылған.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 216 рет