Сейсенбі, 30 Қыркүйек 2025 22:15

Түркістан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер жоспары 8 айда толығымен орындалған

Бүгін Түркістан қаласы әкімі аппаратының басшысы Қуаныш Әлібековтың төрағалығымен орындаушылық тәртіптің орындалуы және индикаторлық көрсеткіштердің іске асу барысы бойынша кезекті мәжіліс өтті. Жиын барысында салық түсімдерін ұлғайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар және биылғы жылдың 8 айының қорытындысымен индикаторлық көрсеткіштердің орындалу барысы қаралды.

Қалалық кірістер басқармасының басшысы Шакен Жанбырбаевтың баяндауынща, 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында Түркістан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер жоспары толығымен орындалып, кәсіпкерлік мақсаттағы жылжымайтын мүлікті қайта бағалау нәтижесінде біршама оң өзгерістер байқалған. Бағалаудан өткен 685 нысанның бұрынғы құны 16,9 млрд теңге болса, қайта бағалау нәтижесінде олардың құны 81,9 млрд теңгеге жеткен. Бұл алты есеге артып, жергілікті бюджетке қосымша 366,5 млн теңге мүлік салығының түсуіне мүмкіндік бермек.

Қуаныш Нұржанұлы тиісті бөлім басшыларына салықтық берешегі бар мекемелермен түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, өтеу кестелерін жасауды, әр екі апта сайын берешек көлеміне тұрақты талдау жүргізіп, сондай-ақ POS-терминалдар мен фискалды чектердің қолданылуын қатаң бақылауға алу міндеттеді.

Сондай-ақ, жиын барысында экономика және қаржы бөлімінің басшысы Олжас Булегенов индикаторлық көрсеткіштер бойынша баяндама жасады. Аппарат басшысы білім, полиция және өзге де салаларда көрсеткіштердің толық орындалмағанына тоқталып, бірқатар сын-ескертпелер айтты. Атап айтқанда, білім бөліміне жасөспірімдер арасындағы суицид фактілерін азайту, қосымша үйірмелермен қамтуды арттыру және мектепке тіркелмеген балалар мәселесін шешу бағытында жұмысты күшейту барысы тапсырылды.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 17 рет