Дүйсенбі, 25 Тамыз 2025 22:36

Түркістан қаласында «Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» практикумы ұйымдастырылды

Түркістан қаласында алғаш рет жастарға арналған «Еріктіліктен – әлеуметтік кәсіпкерлікке» атты практикум өтті.  «Ұлы дала елі» орталығында өткен іс-шараның мақсаты - еріктіліктің қоғамдағы маңызын арттыру, жастардың азаматтық белсенділігін дамыту және әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын нығайту. Сонымен қатар, еріктілерді әлеуметтік кәсіпкерлікке бейімдеу арқылы олардың қаржылық тұрақтылығын қалыптастыру көзделген.

Іс-шараға арнайы Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысып, жастардың азаматтық белсенділігін арттырудағы еріктіліктің рөліне тоқталды. Әкім өз сөзінде қоғамға пайда әкелетін әлеуметтік бастамаларды қолдау қажеттігін айтып, жас кәсіпкерлерге табыс тілеп, мұндай жобалардың Түркістанның дамуына қосар үлесінің зор екенін атап өтті. Шара барысында қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерліктің негізгі қырларымен танысып, халықаралық және отандық гранттарға жоба әзірлеу, пичинг әдістерін үйренеді. Сондай-ақ қаржылық табысқа жетудің тәжірибелік тәсілдері мен ұйымның брендингін қалыптастырудың маңызын талқылады.

Практикумға әлеуметтік кәсіпкерлер, меценаттар, жергілікті билік өкілдері мен белсенді жастар қатысты. Басты спикер – Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының президенті, «Global Kishkentai» инклюзивті шеберханасының негізін қалаушы Гүлмира Пармышева болды. Сонымен қатар, іс-шара аясында алғаш рет Түркістан қаласының еріктілері мен әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосқан азаматтардың арнайы көрмесі ұйымдастырылады.

Әлеуметтік кәсіпкерлік – экономиканың таяуда ғана пайда болған секторы. Аталмыш саланың негізгі анықтамасы төңірегіндегі даулар әлі күнге дейін тыншымай отыр. Әлеуметтік кәсіпкерлікті не коммерциялық, не коммерциялық емес салаға жатқызуға тырысуда. Алайда Ұлттық палата сарапшылары әлеуметтік кәсіпкерлік профиттік және нон-профиттік секторлар элементіне ие бола отырып, өзінің жеке заңдарымен тіршілік етіп, дамып жатқанын пайымдайды.

Бизнестің мақсаты табыс көру екені жалпыға белгілі. Ол нарық қатысушыларының мінез-құлық түрткісі мен логикасын айқындап береді.  Алайда коммерциялық емес сектордың негізгі міндеті – бұл барынша жоғары әлеуметтік әсерге қол жеткізу, қоғамдық маңызды түйткілдерді шешу. Сәйкесінше, бұл ортадағы жүріс-тұрыс логикасы, шешім қабылдау механизмі, табыстылық критерийлері және басқалары белгіленген түрткіге сәйкес құрылады.

Коммерциялық саладан да, комерциялық емес саладан да бөлек жатқан жаңа кеңістікте де орын алып отырғаны осы. Профиттік және нон-профиттік секторларда әрекет етуші тұлғалар осы жерден табылады, бірақ олардың өз мақсаттары, құндылықтар жүйесі, өзара байланыс, жүріс-тұрыс логикасы мен мотивациясы бар. Қоғамдық пайда мен қоғамдық маңызды түйткілдерді шешуге бағытталған өзіндік қарым-қатынас жүйесі бар. Әлеуметтік кәсіпкерлік – дәл осы ортаның өнімі.Негізгі түйткіл даму бағдарламасын қалайша қалыптастыру керектігін түсіну үшін, аталмыш ұғымға дәл анықтама беруде болып отыр.

«Әлеуметтік кәсіпкерлік» дегеніміз не? «Әлеуметтік» терминіне анықтама беру салыстырмалы түрде оңай. Бірақ, әрине, тұлғаның ба, әлде қоғамның мүддесі маңыздырақ па, не болмаса, экономиканың дамуы ма, әлде қоғамның басқа қажеттіліктері артық па, деп дауласуға болады, - алайда жалпы «әлеуметтік» ұғымының мағынасына қатысты айтарлықтай келіспеушіліктер жоқ. «Кәсіпкерлік» ұғымының жалпыға белгілі анықтамасын табу басқа дүние.

Кәсіпкерлікке әлемдік тәжірибеде көпшілік мақұлдаған анықтаманы табу біршама қиын болғандықтан, - кәсіпкерліктің өзі де – көп қырлы күрделендірілген процесс, - «әлеуметтік кәсіпкерлік» терминіне бір мағыналы анықтама беру де айтарлықтай қиындық тудырады. Әлеуметтік кәсіпкерлік – бұл экономикалық тиімділікке қол жеткізу мен кәсіпкерлік жаңашылдықты әлеуметтік миссиямен біріктіретін әлеуметтік қызметті жүзеге асыру тәсілі.

Бұл жерде әлеуметтік кәсіпкерліктің негіз қалаушы белгілері туындайды:

Әлеуметтік миссияның коммерция алдындағы біріншілігі;

тұрақты коммерциялық әсер (өзін өзі ақтау және бәсекеге қабілеттілік);

Әлеуметтік және экономикалық ресурстармен қисындастырудағы жаңашылдық;

Ел экономикасы үшін әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуы несімен пайдалы?

Әлеуметтік кәсіпкерлердің әлеуметтік түйткілдерді шеше отырып, жаңа немесе бұрын тартылмаған ресурстарды іздеуімен. Бұл мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін, не болмаса жалғыз басты аналар үшін арнайы жұмыс орындарын құру түйткілдерін шешу болуы мүмкін. Не болмаса қоршаған ортаны ластаумен байланысты түйткілдер. Әлеуметтік түйткілдер жетіп артылады, ал әлеуметтік кәсіпкерлер оларды шеше отырып, елдің жиынтық экономикалық тиімділігін көтереді, өйткені бұрын қолданылмаған ресурстарды экономикалық айналымға енгізеді.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 174 рет