Сәрсенбі, 09 Шілде 2025 16:11

Созақ ауданының орталығында жаңа «Ғажайып» сауда орталығы ашылды

Бүгін аудан орталығы Шолаққорған ауылында жаңа «Ғажайып» сауда орталығының ашылу салтанаты өтті.

Шараға арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов жиналған қонақтар мен ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Бұл бастама кәсіпкерлік саласын дамытуға және тұрғындарды сапалы қызметпен қамтамасыз етуге бағытталған игі қадам екенін атап өтті.

Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың төрағасы Ордабек Жәмиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов сөз сөйледі. Жаңа орталықтың халық игілігіне қызмет ететініне сенім білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

Екі қабаттан тұратын «Ғажайып» сауда орталығының жалпы аумағы – 1584 шаршы метр. Нысан жергілікті кәсіпкер Ержан Айтжановтың жеке бастамасымен бой көтеріп, 15-ке жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Сауда орталығында азық-түлік пен тұрмыстық тауарлар қолжетімді бағамен ұсынылып, келушілерге қолайлы жағдай жасалған.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 149 рет