Мәжілісте Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек пен Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Мақсат Нұрахаевтың есебі тыңдалды.
Түркістан облысы бойынша 01.07.2025 жылға жергілікті бюджеттің салықтық түсімдердің бекітілген жоспары – 106 млрд. теңге болса, нақты түскені 121,4 млрд. теңгеге жетті (жоспардың орындалуы 114,6%). Өсу қарқыны – 132,3% немесе 29,6 млрд. теңгеге өскен. Әкімшілендіру жұмыстарының нәтижесінде биылғы 6 ай қорытындысымен салықтық түсімдер бойынша Түркістан облысында өсу қарқыны 132,3%-ды құрап, өңір республика көлемінде 1 орынға шыққан.
Дегенмен салық саласында әлі де өзекті мәселелер бар. Осы проблемалар ашық айтылды. Мәселен, жекеменшік балабақшалар саны мемлекеттік балабақшалардан бірнеше есе көп болса да, салықтары бірдей көлемде болып тұр. Сонымен бірге Төлеби, Сарыағаш аудандарында демалыс орындары көбейгенімен салық түсімі артпаған. Осы және өзге мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар берілді.