Инвест штабта аудан аумағында іске асырылып жатқан инвестициялық жоба иелерін және жобаларын іске асыруға ниетті инвесторлардың ұсыныс-пікірлері зерделенді.
Мәжіліс барысында аудан басшысы тиісті сала орынбасары мен қызметкерлеріне әкімшілік кедергілердің орын алуына жол бермеу, рұқсат беру құжаттарын рәсімдеу, шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер мен қолдау тетіктері жайлы дер кезінде ақпараттандыру және оны пайдалануды сүйемелдеу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Айта кетсек, аудан аумағында отандық және шет ел инвесторлары арқылы 2025-2026 ж.ж. аралығында құны 18,2 млрд.тг құрайтын 810 жаңа жұмыс орны бар 10 жоба іске қосылады. Іске асырылған жобалардың есебінен 2025 жылдың 6 айында тартылған инвестиция көлемі 25,8 млрд. теңгені құрап, жылдық жоспар 48,6 пайызға орындалды. Ал, алдағы іске асатын жобалар ауданның өндірістік әлеуетін дамытуға үлкен үлес қосары сөзсіз.