Жұма, 11 Шілде 2025 18:12

Түркістан обылысында ел тарихында тұнғыш рет бір мезгілде 32 мың гектар жерге тамшылатып суғару технологиясы енгізілді

Бұл бастама мақта шаруашылығының дамуына тың серпін беруде.Түркістан облысы, Отырар ауданында «Мақта дақылын жаңа технологиямен егудің тиімділігі» тақырыбында облыстық семинар-кеңес өтті.


Облыс әкімдігі мен облыстық прокуратураның, Ауыл шаруашылығы басқармасы мен Отырар, Арыс әкімдіктерінің, «Түркістан» ӘКК-нің ұйымдастыруымен өткен семинардың мақсаты – салада заманауи агротехнологияларды енгізу арқылы өнімділікті арттыру, шаруаларға су үнемдеуді үйрету, тыңайтқыштарды тиімді пайдалануды түсіндіру, мақта өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оны халықаралық талаптарға бейімдеу жолдарын талқылау.

Бағдарлама аясында қатысушылар «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС аумағында егілген мақта алқабымен танысты. Ауыл шаруашылығы дақылдарына қажет тұқым, көшет, органикалық және минералды тыңайтқыштар, биоагенттер, агродрондар, гербицидтер мен пестицидтер сатушылардың көрмесі ұйымдастырылды.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, семинар-кеңесті ашып берді.
 Халықтың әл-ауқатының жоғары болуы – агроөнеркәсіптік кешенінің дамуымен тығыз байланысты. Бұл ретте су үнемдеу технологияларын енгізу маңызды. Мемлекет басшысы аграрлық салаға ерекше көңіл бөліп, инновациялық амал-тәсілдерді енгізуді тапсырды. Облыста ауыл шаруашылығында жыл сайын 1 трлн теңгеден астам қаржының өнімі өндіріліп, республикада жетекші орында. Өңірде 90 мыңға жуық агроқұрылым жұмыс істейді. Бұл республикалық көрсеткіштің 31 пайызын құрайды. Осы орайда, 1 млн ауыл тұрғынының әлеуметтік жағдайы ауыл шаруашылығына тікелей қатысты. Қазіргі таңда әлемдік мәселелердің бірі – су тапшылығы. Өңірде су үнемдеу технологияларына кешенді көшу арқылы мәселені шешу қарқын алған. Биыл 27 мың гектарға су үнемдеу технологияларын енгізу жоспарланып, 59 мың гектар алқапқа енгізіледі. 2030 жылға дейін осы әдіспен суармалы жердің 50 пайызы қамтылады.

Оқылды 349 рет