Түркістан: «Денсаулық» пойызы тегін медициналық көмек көрсетеді
Түркістан облысына келген «Денсаулық» медициналық пойызы теміржол бойында барлық ауылдарға медициналық көмек көрсететін болады. Қазақстанның шалғай жатқан теміржол стансаларына аялдайтын пойыздың сапары биылғы жылдың 21 желтоқсанында аяқталады. 240 күн ішінде теміржол бойында орналасқан ауылдардың тұрғындарына шамамен 230 млн теңгенің қызметі көрсетілмек. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» баспасөз қызметі хабарлады.