Компания басшылығы ИВЛ аппаратын Германиядан арнайы тапсырыспен алдырған. Мұндай медициналық аппарат жансақтау бөліміндегі ауыр халдегі науқастарды емдеуде ең маңызды құралдардың бірі дейді мамандар.
Қалалық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігері Динара Жұмаділова ұжым атынан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-на алғысын білдірді.
Айта кетейік, «Асар» шағынауданындағы балалар ауруханасы — қаладағы 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмек көрсететін көпбейінді емдеу мекемесі. Мұнда дәрігерлер күнделікті жедел жәрдеммен жеткізілетін 200-ден аса балаға медициналық көмек көрсетеді.
Еске сала кетейік, осыған дейін Шымкентте 100-ден аса бала вирустық инфекциядан жазылып шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы балалар клиникалық ауруханасындағы провизорлық орталық инфекциялық стационар ретіндегі міндетін аяқтап, штаттық режимдегі жұмысын бастап кетті.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат