Сәрсенбі, 09 Қыркүйек 2020 14:39

Шымкент: Дәрігерлер сақтық шараларын ұстану қажеттігін ескертеді

Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 науқас тіркелді.

Ал, емханалар жанынан құрылған мобильді топ тәулік ішінде 100-ге жуық тұрғынның үйіне барып, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететкен.

Сондықтан медицина мамандары әлі де босаңсуға болмайтынын ескертеді. Сақтық шараларын мейлінше күшейтіп, карантин талаптарын ұстануға шақырады.

Айта кетейік, Шымкент қаласында бүгінге дейін Сovid-19 жұқтырудың 5 182 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 2 642-сі – симптомды, 2 540-ы – симптомсыз жағдай. Бүгінгі күнге дейін 4 498 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Қазіргі таңда 622 адам емделіп жатыр, оның ішінде 6 тұрғын стационарға жатқызылған.

Бүгінде қаладағы провизорлық және инфекциялық стационарларда 400 төсек-орын болса, оның 67 пайызы бос тұр.

Сондай-ақ, айта кетейік, Шымкент қаласындағы жедел жәрдем қызметі елімізде алғашқылардың бірі болып толықтай цифрлық жүйеге көшкен болатын.

Жедел жәрдем қызметіндегі қағазбастылықты жою мақсатында мамандардың барлығы смартфонмен қамтылған.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 539 рет