Сенбі, 25 Сәуір 2020 12:46

Түркістан: 40 медициналық ұйымның барлығы 100% электронды құжат айналымға өткен

 

Денсаулық сақтау саласында елеулі жетістіктер бар. 40 медициналық ұйымдардың барлығы 100% электронды құжат айналымға өткен. 233 медициналық форманың 175 электронды денсаулық паспорты жасақталған, дәрігердің қабылдауына алдын-ала жазылу 100 % пайызға жеткізілді.

2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап медициналық құжаттаманы қағазсыз, цифрлық түрде жүргізуге көшу шаралары жүзеге асырылып жатыр.

Құрылыс саласында сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу мақсатында мемлекеттік қызметтер электронды түрде көрсетілуіне байланысты тұтынушы мен қызмет берушінің арасындағы байланыс 100% жойылған. Облыс әкімінің өкімімен арнайы Жұмыс тобы құрылып, барлық қала, аудан, ауылдық округтерде жер мәселесіне қатысты толыққанды талдау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жер учаскесін сауда-саттық (аукцион, конкурс) арқылы беру мақсатында құрылған конкурстық комиссия құрамына 50% үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері енгізілді. 

2019 жылдың 12 айы бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезегінде 37 084 азамат тіркелген болса, бүгінгі күнге 1 128 азамат тұрғын үймен қамтылған.

Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың кезегіне тіркелу халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы жүргізіледі. Ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында, кезекке қоюды автоматтандыру пилоттық жобасы Түркістан қаласында жоспарланып отыр.

Өңірде «Түркістан-адалдық алаңы» жобасын іске асырылуда. Негізгі мақсаты өңірлердегі сыбайлас жемқорлық денгейін төмендету, қоғам арасындағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, халықтың мемлекеттік билік институтына сенімін арттыру болып табылады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

 

 

Оқылды 597 рет