Жұма, 29 Мамыр 2026 19:51

Шымкент: Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай танымдық экскурсия өтті

Жастар ресурстық орталығы, Шымкент қаласы полиция департаменті және “Бүркіт” арнайы жасағының ұйымдастыруымен Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында жастардың отансүйгіштік және патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментіне қарасты Кинология қызмет орталығына экскурсия өткізілді.

Экскурсия барысында қатысушылар кинология қызметінің жұмысымен танысып, арнайы үйретілген қызметтік иттердің дайындығын тамашалады. Сонымен қатар құқық қорғау саласындағы қызметтің ерекшеліктері жөнінде ақпарат алды.

Іс-шараға М. Тынышбаев атындағы Шымкент ALT көлік колледжінің студенттері қатысты.

Жалпы, оқу жылының аяқталуына орай, Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған айлық іс-шараның өткізілуі кезеңінде шымкенттік полицейлер тағы да студенттермен кездесіп, оларға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары және нашақорлықтан аулақ болудың маңыздылығы туралы ескертті.

Бұл жолы олар үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірге М.Әуезов атындағы Оңтсүтік Қазақстан зерттеу университетіне барып, нашақорлықтың, психикалық белсенді заттарды қолданудың алдын алу мақсатында студенттермен арнайы кездесу өткізді.

Жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары, жаңа психоавтивті заттардың таралуы жөнінде толыққанды мәліметтер беріп, одан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын атап көрсетті.

Сонымен қатар, интернет-дүкендердің әкімшісі болу және есірткі жасыруға қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгені туралы ескертті.

Іс-шара соңында студенттер көкейлеріндегі жүрген сұрақтарын қойып, кеңінен жауап алып, өзара еркін пікір алмасты.

Оқылды 77 рет