Денсаулық сақтау минстрлігінің бұйрығына сәйкес, 6 жасқа дейінгі балаларды скринингтен өткізу шарасы аясында 2021 жылы Шымкент қалалық №2 емханасында «Дені сау бала бөлмесі» профилактикалық кабинетіне аудиологиялық скрининг аппараты қойылды. Медбике Абдраимова Роза Оңғарқызы арнайы аппаратта баланың құлағының мүкістігі бар жоғын ерте жастан тексеріп, сол бағытта жұмыстың нәтижелі болуы үшін еңбек етуде.
Медбикенің айтуынша, тексеру екі кезеңде жүргізіледі. Бірінші тексеру перзентханада жасалады. Яғни, нәресте туылғанда. Екінші кезең - 3 айлық, 1 жас, 2 жас, 3жас және 6 жас кезеңінде жүргізіледі.
« Жалпы, бала 6 жасқа толғанға дейін 5 рет есту қабілетін тексеру шарасынан өтеді. Біздің емхананың арнайы жоспары бойынша биыл 5000 астам бала тексеруден өтуі керек. Әр айға шаққанда шамамен 420-430 баланың есту қаабелетін тексеруім керек»,-дейді медбике Роза Оңғарқызы.
Арнайы аппараттың жұмысы 2 этаптан тұрады. Біріншісі - құлақтың алдыңғы бөлігі тексеріледі. Екіншісі - құлақтың түбі тексеріледі.
Егер құлақ таза болмаса, яғни құлыққа толы болса, бала тыныш отырмай, жыласа немесе бала ауырып жатқан кезде тексерістен өткізілсе, нәтиже теріс болады. Сондықтан да тексеріс кезінде осы 3 талап қа мән беріледі. Яғни, құлақтың тазалығы, тыныштық және баланың дені сау болуы қажет.
«Кей жағдайда нәтиже теріс болып жатады. Мұндайда бірден теріс қорытынды шығаруға болмайды. Екі құлақ 4 рет тексеріліп, арнайы ЛОР, сурдолог мамандарының консультациясы бойынша нәтиже шығарылады. Біз мұны ата-аналарға түсіндіруге тырысамыз»,-дейді медбике Роза Оңғарқызы.
Маман өз еңбек тәжірибесінде құлағында мүкістігі бар балалардың анықталғанын айтады. Мұндай жағдада бала міндетті түрде диспансерлік бақылауға алып, баланың ем-дом шарасы, сауығып кетуі арнайы мамандардың бақылауында болады.
Сондай-ақ, ата-анасының құлағы естімесе де, баланың құлағында ахауы болмай туылған жағдайлар да болады екен. Аудиологиялық скринингтің пайдасы дәл осындайда зор. Себебі, бұл бір баланың денсаулығы, өмірі әрі тағдыры.
Осы ретте маман ата-аналарға баланың құлағына немқұрайлы қарамауға шақырады. Құлақты жылы әрі таза ұстуға кеңес береді. Және тазалық кезінде абай болуға шақырады.