Жедел медициналық жәрдем – адам өміріне тікелей жауапты, кідірісті көтермейтін аса маңызды қызмет. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қалада денсаулық сақтау саласын дамыту, жедел көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінгі жаңартылған бекет – сол жұмыстардың нақты нәтижесі.Қазіргі таңда бұл бекетте тәулік бойы 10 жедел жәрдем бригадасы, оның ішінде 2 дәрігерлік және 8 фельдшерлік бригада қала тұрғындарына үздіксіз қызмет көрсетеді. Мұнда 127 медицина қызметкері еңбек етіп, күндіз-түні халықтың денсаулығы мен өмірін сақтауға үлес қосып отыр.
«Жаңғыртудан өткен ғимаратта медицина қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасалып, жұмыс тиімділігін арттыратын инфрақұрылым толық жаңартылды. Бұл өз кезегінде тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жаңа деңгейге көтереді.Ақ халатты абзал жандардың еңбегі – үлкен құрметке лайық. Қиын сәтте бірінші болып көмекке келетін медицина қызметкерлеріне шынайы алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да қала тұрғындарының денсаулығын жақсартуға бағытталған жұмыстарды кезең-кезеңімен жалғастыра береміз» - дейді Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат