Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, сала үздіктері марапатталды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хаты, Түркістан облыстық мәслихатының Құрмет грамотасы, аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың, «Аманат» партиясы аудандық филиалының, аудандық орталық аурухана басшылығы мен кәсіподақ ұйымының Алғыс хаттары табысталды. Сонымен қатар, бірқатар қызметкерлерге «Үздік медицина маманы» және «Мейірімді медбике» төсбелгілері тапсырылды.
Жиын барысында аудандық орталық аурухананың және ауылдық емдеу мекемелерінің үздік дәрігерлері мен медбикелері, кіші буын қызметкерлері, техникалық қызметкерлері де марапатқа ие болды. Марапат иелерінің қатарында балалар дәрігерлері, терапевттер, гинекологтар, хирургтар, реаниматологтар, зертханашылар, медбикелер және басқа да сала қызметкерлері бар. Мерекелік іс-шара барысында аудан өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылып, әсем әндер орындалды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат