Super User

Super User

Түркістан облысында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен өнер мектебі пайдалануға берілді

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылында музыкалық бағыттағы Өнер мектебі пайдалануға берілді. Жаңа нысанның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Бас Прокурордың орынбасары Ғабит Садырбеков пен Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов қатысып, оқушылар мен ұстаздарды, тұрғындарды құттықтады.

Түркістан облысы: Сауранда МӘМС жүйесі мен бюджеттің орындалуы мәселелері қаралды

Сауран ауданы әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өткізілді. Жиында күн тәртібіндегі екі негізгі мәселе талқыланды. 2025 жылға арналған аудан бюджетінің орындалу барысы және Отбасының цифрлық картасы арқылы Д және Е санатындағы отбасылардың үлесін азайту мен МӘМС жүйесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.

Түркістан облысында 70 жас түлек мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданған

Түркістан облысы бойынша өңірлік кадр резервіне 30 азамат іріктеліп алынды. Бұдан бөлек, Президенттік жастар кадр резервінен іріктеусіз 2 азамат қабылданып, жалпы резервтегі азаматтар саны 32-ге жеткен. Таяуда Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен кадр комиссиясының кезекті отырысы өтіп, күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Облыс әкімі жауапты тұлғаларға жұмысты жетілдіру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Түркістан облысында терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті мәжілісі өтті. Оған облыстық терроризмге қарсы комиссия мүшелері, құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдардың, тиісті департаменттердің басшылары және адан, қала әкімдері қатысты.

Осы RSS каналға жазылу