Super User

Super User

Түркістан облысы: Жетісайда құқықтық сауаттылық және мемлекеттік бюджетті бақылаудың заманауи тетіктері түсіндірілді

Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбековтың төрағалығымен өткен жиынға аудан прокурорының орынбасары Ырысбек Намазов пен Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Асхат Садықбеков қатысты.

Түркістан облысы: Созақ ауданында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарға» сәйкес, Созақ ауданында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Түркістан облысы: Отырар – ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемін ұлғайтудан озат аудан

Түркістан қаласында Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні құрметіне «AGROFEST TÚRKISTAN – 2025» мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шарада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өңір диқандарының 300 тоннадан астам өнімі ұсынылды. Одан бөлек, қайта өңдеу кәсіпорындарының көрмесі мен «Ауыл аманаты» арқылы жүзеге асқан жобалар мен өнімдер таныстырылды. Көрмеге өңірімізде өндірілетін табиғи өнімдер қойылды. Салтанатты жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады.

Түркістан облысы: Ордабасы ауданында жаңа прокуратура ғимараты пайдалануға берілді

Түркістан облысы, Ордабасы ауданының орталығы – Темірлан ауылында аудандық прокуратура ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғабит Садырбеков, ҚР Бас прокуратура жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары Ғабит Миразов, Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, аудан жұртшылығы мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Осы RSS каналға жазылу