Түркістан облысы: Сарыағаш ауданындағы 5 елді мекенге таза ауыз су берілді
Тәуелсіздік күні қарсаңында Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округіндегі Жібек жолы, Қарабау, Зортөбе және Сарқырама, Жаңақұрылыс елді мекендерінде ауыз су жүйесі іске қосылды. Салтанатты шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облыстық мәслихат депутаттары, аудан прокуроры Мақсат Мошхалов, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы және ауыл тұрғындары қатысты.