Отырар ауданында көпбалалы аналарға мемлекеттік наградалар табыс етілді
Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудандағы көпбалалы аналарды қабылдап, еліміздің демографиялық дамуына және ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосып келе жатқан ардақты жандарды марапаттады. Іс-шара барысында аудан басшысы аналарға құрмет көрсетіп, мемлекетіміздің болашағы – өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі еңбектерінің маңыздылығын ерекше атап өтті.