Super User

Super User

Түркістан облысы: Жетісайда көпбалалы аналар марапатталды

Жетісай ауданында көпбалалы аналарды ұлықтауға арналған тағылымды іс-шара өтіп, аяулы жандарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградалары табысталды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Айдос Исмайлов қатысып, аналарды марапаттарымен құттықтады, қоғамдағы ана рөлінің айрықша маңызын атап өтті. Мемлекет тарапынан отбасы институтын нығайтуға, ана мен баланы қолдау жұмыстарының жүйелі түрде жүргізілуінің нәтижесі ауданда көпбалалы отбасылар саны артқаны айтылды.

Түркістан облысында жаңа инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы бақылауда

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбектің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде биыл іске асырылатын инвестициялық жобалардың ағымдағы жағдайы және облыс аумағында жүзеге асырылуы жоспарланған инвестициялық жобаларға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Түркістан облысында «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің жазғы маусымы салтанатты түрде ашылды

Түркістан облысында балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру және олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінің 2026 жылғы жазғы маусымының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты іс-шараға Түркістан облысының әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев қатысып, лагерь демалушыларымен еркін пікір алмасып, олардың шығармашылық жұмыстары мен жетістіктерімен танысты. Өңір басшысы балаларға жылы лебізін білдіріп, жазғы демалыс маусымының ашылуымен құттықтады.

Түркістан облысында 4 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 206 млрд теңгені құрап, өсім 111,3 пайызға жеткен

Түркістан облысының ауыл шаруашылығы саласы тұрақты оң даму динамикасын көрсетуде. 2026 жылдың 4 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 206 млрд теңгені құрап, өсім 111,3 пайызға жетті. Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі артты. 4 айда 56,4 млрд теңге инвестиция тартылып, жоспар 1,8 есе артығымен орындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров баяндады.

Осы RSS каналға жазылу