Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

Мемлекет басшысына Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды. Нұралхан Көшеровөңірдің экономикалық өсімі 113,9 пайызды құрағанын айтты.  Мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері 1 триллион теңгеге өсті.  2025 жылы аймаққа 1,7 триллион теңге инвестиция, соның ішінде 1,4 триллион теңге жеке инвестиция тартылды. Тікелей шетелдік инвестиция көлемі 1,4 миллиард долларға жетті деді ол. Былтыр жалпы құны 340 миллиард теңгені құрайтын 58 инвестициялық жоба іске қосылып, 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылғанын мәлімдеді.

Созақта «Еңбеккер ана – ауыл ажары» атты аудандық әйелдер форумы өтті

Созақ аудандық әйелдер кеңесінің ұйымдастыруымен «Еңбеккер Ана – ауыл ажары» атты аудандық әйелдер форумы жоғары деңгейде өтті. Көктем мерекелері қарсаңында өткен тағылымды шара еңбек адамының мәртебесін арттыруға, қарапайым еңбекпен ел құрметіне бөленген аналарды ұлықтауға арналды.

Шардарада 1200-ден астам тұрғын «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы сенбілікке қатысты

Көктемнің алғашқы сенбісі Шардарада тазалық пен жаңарудың жарқын үлгісіне айналды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасына сәйкес көктемнің алғашқы күндерінен бастап қала көлемінде ауқымды абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды түрде бастау алды. Игі бастама аудандық деңгейдегі үлкен сенбілікке ұласып, бірлік пен ұйымшылдықтың айқын көрінісін көрсетті.

Сарыағашта Алғыс айту күніне орай кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Таза Қазақстан» аясында «1 наурыз – Алғыс айту күніне» орай Сарыағаш ауданында кезекті ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара барысында республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында, сондай-ақ елді мекендердің ішкі көшелері мен қоғамдық орындарында кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді. Таңғы сағат 09:00-ден бастап әр мекеме өзіне бекітілген аумақта санитарлық тазалық шараларын атқарды.

Қазығұртта өткен ауқымды сенбілікке 2000-нан астам тұрғын қатысты

Қазығұрт ауданында тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және «1 наурыз – Алғыс айту» күніне орай, жалпыаудандық ауқымды сенбілік өтті. Сенбілік барысында көше бойлары, саябақтар мен қоғамдық орындардағы тұрмыстық қалдықтар жиналып, тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандардың қасбеттері сырланып, қураған ағаштар мен бұталар кесіліп, арық-атыздар қоқыстан тазартылды.

Отырар ауданында Алғыс айту күні жоғары деңгейде аталып өтті

Көктемнің алғашқы күнімен қатар келетін, жүректерге жылулық ұялататын айтулы мереке – 1 наурыз Алғыс айту күні ауданымызда жоғары деңгейде аталып өтті. Мәдениет сарайының төрінде өткен салтанатты жиын елдігімізді ұлықтап, татулығымызды паш етті.

Сауран ауданында «Алғыс айту - парызым» атты ісшара өтті

Сауран ауданында 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай, «Алғыс айту - парызым» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік шараға аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Асқар Дайрабаев құттықтау сөз сөйлеп, бұл күннің ел тарихындағы маңыздылығына тоқталды.

Түркістанда әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі өтті

Түркістан қаласының Яссы секторында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік жәрмеңкесі өтті.  Жәрмеңкеге Шардара, Жетісай, Мақтаарал және Сауран аудандарынан келген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысып, өз өнімдерін тікелей саудаға шығарды. Сонымен қатар, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның тұрақтандыру қоры арқылы жеткізілген 50 тоннаға жуық азық-түлік өнімдері ұсынылды.

Түркістанда «Қаржылық қауіпсіздік – цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде» атты өңіраралық форум аясында AI Хакатонның ашылуы өтті

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Қаржылық қауіпсіздік – цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде» тақырыбындағы өңіраралық форум аясында екі кезеңнен тұратын AI Хакатонның салтанатты ашылуы өтті.