Шымкент қаласында науқастардың ауруханаларға түсу көрсеткіші артқан
Қазіргі уақытта Шымкент қаласында жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың көбеюіне байланысты медициналық мекемелердің жұмысы күшейтілген режимде жүргізілуде. Қала тұрғындарына алғашқы медициналық-санитариялық көмекті 60 емхана көрсетеді, оның ішінде 14-і мемлекеттік, 46-сы жекеменшік ұйымдар.