Созақ ауданында пробация есебіндегі азаматтарды қоғамға бейімдеуге қатысты жиын өтті

Созақ ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту және оларды қоғамға қайта бейімдеу мәселелеріне қатысты жиын өтті. Басқосу аудандық прокуратураның бастамасымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында ұйымдастырылды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов, аудан прокурорының міндетін атқарушы Асылбек Туршеков, тиісті бөлім басшылары, ауылдық округтер мен кент әкімдері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Шымкентте республикалық олимпиада жеңімпаздары марапатталды

Шымкент қаласында «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Білім додасында үздік нәтиже көрсеткен оқушылар медальдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Шымкентте цифрлық білімге арналған ғылыми конференция өтті

Шымкент қаласында цифрландыру мен жасанды интеллектті дамытуға бағытталған Білім басқармасына қарасты «Болашақ» жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект – білім берудің жаңа дәуірі» атты студенттердің XXII ғылыми конференциясы жоғары деңгейде өтті.

Түркістанда академиялық ескек есуден ҚР-ның көктемгі біріншілігі аяқталды

Түркістан қаласында академиялық ескек есуден көктемгі Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігінде Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 19 алтын, 18 күміс және 9 қола медаль жеңіп алды.

Сауран ауданында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде

Сауран ауданында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бұл шаралар аудан аумағындағы тегіс және бұталы аймақтарды қамтып, тұрғындардың денсаулығын қорғауға бағытталған.

Отырар ауданында саябақтар тазартылып, ағаштар әктелді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы Отырар ауданында кең көлемде жалғасын табуда. Осы мақсатта бүгін аудан орталығы Шәуілдір ауылындағы «Ардагерлер» саябағында ауқымды сенбілік өтті. Экологиялық шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы арнайы қатысып, тұрғындармен бірге туған өлкені абаттандыру жұмыстарына атсалысты.

Сауран ауданында «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында ауқымды жұмыстар атқарылды

Сауран ауданының Бабайқорған ауылдық округінде «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты бұлақ көздерін сақтау, олардың санитарлық жағдайын жақсарту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыру болып табылады.

Ордабасы ауданындағы «Бадам» индустриалды аймағы – өндірістің жаңа тынысы

Ордабасы ауданына ұйымдастырылған «Балуан тас» экспедициясы тек тарихи-рухани орындарды аралаумен шектелмей, өңірдің экономикалық әлеуетімен де кеңінен танысуға мүмкіндік берді. Экспедиция қатысушылары ауданның индустриялық даму нүктесіне айналған Бадам индустриалды аймағында болып, бүгінде қарқын алған өндіріс ошақтарының жұмысымен танысты. Бұл сапар – Түркістан өңірінде индустрия саласының жүйелі түрде дамып келе жатқанын айқын көрсеткен маңызды сәттердің бірі болды.