Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада қала әкімі М.Әйтеновтың Өтегенов көшесі жалғасының жұмысын тексергендігі жазылған.
Көшенің І кезеңі Шымкент сити шағынауданынан Сырым батыр көшесі аралығын қамтиды. Жобаның жалпы ұзындығы 1,205 шақырым, ені 28 метр. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. Қазір жерді сәйкестендіру және қысымдау жұмыстары атқарылуда.
Өтегенов көшесі жалғасының ІІ кезеңі Сырым батыр көшесі мен Төлеметов көшелері аралығы қамтылған. Жалпы ұзындығы – 0,970 шақырым, ені – 23,5 метр.
Естеріңізге сала кетейік, екі кезеңің де құрылыс жұмыстары 2021 жылы басталған болатын. Ал 2023 жылы падалануға беру жоспарланып отыр.
Аталған құрылыс жұмыстар толық аяқталғанда Бәйдібек би даңғылының қазіргі көлік жүктемесі едәуір жеңілдейді дейді сала мамандары.
"AQ-QARA.KZ"-ақпарат