Түркістан облысы: Бәйдібекте «Менің туым – менің Отаным!» акциясы өтті

«Nur Otan» партиясының бастамасымен қолға алынған «Менің туым – менің Отаным!» акциясына бәйдібектіктер де қолдау білдірді. Аудандық ішкі саясат және «Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен шарада ұлттық болмысымыз бен рухымызды асқақтатты.

Түркістан: «Достық керуені» Шардарада жалғасын тапты

Татулықты ту еткен «Достық керуенi» Шардарада жалғасын тапты. Аудандық ҚХА өкілдері жастармен кездесіп, ұлтаралық татулық пен бірліктің маңыздылығын насихаттады. Акция аясында аудандағы колледжде арнайы «Шығыс базары» атты iс-шара ұйымдастырылды.

«Түркістан Бір жол-Бір тарих» атты халықаралық инвестициялық туристік форумы өтті

Қазақстан мен Өзбекстан Орта Азия елдері арасында туризмнің қозғаушы күші болуы қажет. Өйткені қос тартаптың әлеуеті жоғары. Бұл туралы рухани астанада өткен «Түркістан Бір жол-Бір тарих» атты халықаралық инвестициялық туристік форумында айтылды. Жиынға Еліміздің мәдениет және спорт министірі мен Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Азиз Абдухакимов арнайы қатысты.

Елбасы Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

Сапар барысында Елбасы қаланың рухани-мәдени орталығында өткен концертке қатысып, Түркістан облысының тұрғындарымен жүздесті. Сөз барысында Нұрсұлтан Назарбаев облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы шешімінің тарихи маңызына тоқталды.

Түркістан облысы: Арыс қаласында Президент Жолдауы талқыланды

Ел тұрғындарының өмірі мен сапалы тұрмысын жақсартуда, экономикасы дамыған, әлеуеті жоғары мемлекет қалыптастыруда Президент Жолдауында қойылған басымдықтардың маңызы өте зор.Осы орайда бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған алғашқы «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауын түсіндіру және талқылау мақсатында қала әкімінің орынбасары Сапар Дәрібайұлының төрағалығымен жиын өтті. 

Түркістан облысы: Келесі аудан әкімдігіндегі аппарат мәжілісінде көкейкесті мәселелер қаралды

Бүгін Келес ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Аппараттық жиынға аудан әкімінің орынбасарлары Серік Қарақұлов, Абай Жаңбырбаев, Алмас Сексенбаев, аппарат басшысы Талғат Оразбеков, дербес бөлім басшылары мен мамандары, ауыл, ауылдық округтер әкімдері және аудандық мекеме басшылары қатысты.