АДАЛ АЗАМАТ ТӘРБИЕЛЕУ – АҒА БУЫНҒА МІНДЕТ

Шымкенттегі «Достық үйінде» қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті. Кеңес төрағасының орынбасары Батырбек Жалмұрзаев ашып, жүргізген жиында кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары мен Шымкент қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын ұйымдастыру мен өткізуге арналған іс-шаралар жоспарында межеленген іс-шараларға атсалысу жайы пысықталды. 

ТҮРКІСТАН ЕРЕКШЕ МӘРТЕБЕГЕ ИЕ БОЛАДЫ

ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Түркістан қаласының ерекше мәртебесіне қатысты заңдар қабылданды. Бұл заңдар Түркістанды рухани-мәдени, тарихи және туристік орталық ретінде дамытуға, сондай-ақ тарихи-мәдени мұраны қорғауға бағытталған.

ВИЦЕ-ПРЕМЬЕР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ «ҚОСҚОРҒАН» СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ МЕН АЙМАҚТЫҢ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ДАЙЫНДЫҒЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Кентаудағы «Қосқорған» су қоймасының жай-күйімен танысты. Аталған нысан маңында вице-премьерге су тасқынына қарсы іс-шаралар, ауыз сумен қамтамасыз ету, жылумен қамту, ұлттық жоба аясында желілерді жаңарту, электр энергиясы мен газбен қамту жұмыстары баяндалды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров аймақтың инфрақұрылымын жақсарту бағытында жүйелі жұмыс жалғасып жатқанын мәлімдеді.

ТҮРКІСТАНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» МЕН «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАЛАРЫН БІР БАҒДАРЛАМАҒА БІРІКТІРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында ауылдардың еңсесін көтеруге бағытталған жобаларды жүйелеп, бір бағдарламаға біріктіру бастамасын көтерген болатын. Кеше Түркістан облысында осы мәселеге қатысты мәжіліс өтті. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен мәжіліске жауапты министрлік өкілдері, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, аудан, қала әкімдері мен басқарма басшылары қатысты.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ІРІ СУ НЫСАНДАРЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ, СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ДАЙЫНДЫҒЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ҚР Премьер министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі ірі су қоймаларының қазіргі жай-күйін бақылады. Алдымен тікұшақпен «Бөген», «Бәйдібек ата», «Шардара» су қоймаларына әуеден визуалды бақылау жасалды. Судың мөлшері, жайылуы, толымдылығы зерделенді.

Дархан Сатыбалды қазақ-корей бірлескен білім ордасының құрылыс алаңында болды

Түркістан облысында Оңтүстік Кореяның жетекші оқу орындарының бірі Woosong университетінің филиалын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақ-корей бірлескен білім ордасы Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында орналасады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды облыс орталығындағы құрылыс алаңдарын аралап, жұмыстардың барысын бақылады.

Түркістан облысында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» жобасы аясында «Этнос өкілдеріне мемлекеттік тілді үйретудің тиімді жолдары: жаңа инновациялық әдістер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары, ҚХА хатшылығының меңгерушісі Нұрсұлтан Сейтжанов модераторлық етті.